2019 жылғы 25 қаңтарда облыстың инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің 2014-2018 жылдардағы жұмысын қорытындылау және 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау мақсатында Кеңестің ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Отырысқа Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері; мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы; білім басқармасының бөлім басшылары мен бас мамандары; инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері; инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек ұйымдардың меңгерушілері мен басшылары; облыстық ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (барлығы жүз адам) қатысты.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты М.Ө. Ибраев кеңестің 5 жылдағы қызметінің қорытындысын шығарды.
Үйлестіру кеңесі облыстың білім басқармасы жанындағы алқалы-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі міндеті инклюзивті білім беруді енгізуге тартылған немесе мүдделі барлық құрылымдардың күшін біріктіру, инклюзивті білім берудің жағдайын жақсарту және дамыту бойынша білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кеңес құрамы мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарына, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналарға проблемалар мен ұсыныстарды жариялау және талқылау мүмкіндігін беру қағидатында құрылған.
2014 жылдан бастап тұрақты негізде аудандарға барып, жергілікті жерлерде инклюзивті білім беру жағдайын қарау және қажетті ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету арқылы кеңес отырыстары өткізіледі. Үйлестіру кеңесінің көмегімен оқу-тәрбие процесіне инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша пилоттық жобаны өткізу мүмкін болды.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және қосымша білім беру деңгейлері бойынша тірек ұйымдар анықталды. Бүгінде инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек ұйымдарының желісін 49 тірек ұйымы мен 4 ресурстық орталық ұсынады. Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің көмегімен, жоспар-кестеге сәйкес Ақмола облысында 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды және жұмыс істейді.Ақмола облысының (2015 ж.) және Қазақстанның солтүстік өңірлерінің (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, 2016 ж.) білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлерінің желілік өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша жобалар іске асырылды. Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша оқытушылар, мұғалімдер және білім алушылар үшін бірқатар құралдар әзірленді және басып шығарылды. Облыстың білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері инклюзивті білім беру мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге үнемі қатысады. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды (тұлғаларды) оқытуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өз ұсыныстарын енгізуде.
Жалпы, облыстың білім басқармасымен және инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесімен білім беру ұйымдарына, мектепке дейінгі жүйеден ТжКББ жүйесіне дейін инклюзивті тәжірибелерді енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізуде.