2023 жылғы 21 сәуірде Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде «Инновациялық білім беру технологиялары оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету және білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде» облыстық семинар-практикумы өтті. Семинарда Ақмола облысы колледждерінің жетекші педагогтері өздерінің педагогикалық идеялары мен жұмыс тәжірибелерін ұсынды.
Семинардың пленарлық бөлімінде Щучинск қаласының, жоғары техникалық колледжінің математика пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог - шебер, 2013 ж. "Үздік педагог" атағының иегері А.В. Семкин жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндерді оқыту үдерісінде белсенділік тәсілін ұйымдастыру мәселесін айтып өтті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі А.З.Заманбекова оқу-тәрбие процесінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетті.
Семинардың практикалық бөлімінде жетекші педагогтер: Махамбетова М.Х. (Чаглинка а. жоғары агротехникалық колледжі), Тополя В.В. (Степногорск қ. жоғары колледжі), Мұхамеджанова Г.С. (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі), Темирова Г.К. (Щучинск қ. жоғары педагогикалық колледжі), Ширшов Д. А. (Щучинск қ. жоғары техникалық колледжі), Нугербеков И.К. (Красный Яр ауылы көпсалалы инновациялық колледжі) практикалық сабақты ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, білім алушылардың цифрлық дағдыларын жетілдіру, арнайы және жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын интеграциялау жолымен кәсіптік құзыреттіліктерді дамыту, қазіргі білім беру жағдайында Ы.Алтынсариннің құнды педагогикалық идеялары мен оқыту әдістері мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру факторы ретінде Ш. Уәлихановтың шығармашылығын интерактивті түрде зерделеу бойынша қызықты және мазмұнды материал ұсынды. Жұмыс қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Семинар аясында қатысушыларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Педагогтер семинарды өткізу процесінде практикалық маңыздылығын, шығармашылық атмосферасын атап өтті, баяндама жасаған әріптестердің тәжірибесін одан өз жұмысында әрі пайдалануға ниет білдірді.
Семинар жұмысына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.