Өндірістік оқыту ТжКБ ұйымдарындағы оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады.
2024 жылдың 24 сәуірінде Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының қызметі аясында Көкшетау жоғары медициналық колледжінің базасында облыс ТжКБ ұйымдарының жетекші педагогтарының қатысуымен «Өндірістік оқыту сабақтарында заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану» шеберлік сағаттарының мозаикасы облыстық семинары өтті. Семинарға қатысушылар алдында колледж басшысының міндетін атұарушы Р.С. Молдағали құттықтау сөз сөйледі. Семинар аясында ашық сабақ өткізіліп, үш шеберлік сағаты өткізілді.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы, «Үздік ұстаз» атағының иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, педагог – магистр А.Е. Бейсембина Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттерімен «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша ашық сабақта педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Көкшетау жоғары медициналық колледжінің педагог-шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары О. В. Головина және И. К. Ярошинская «Симуляциялық технологиялар ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім беру мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» және «Техникалық құралдарды пайдалана отырып пациенттің орынын ауыстыру» тақырыптары бойынша шеберлік сағаттарын өткізу барысында теорияны практикамен оңтайлы үйлестіруге мүмкіндік беретін заманауи педагогикалық технологияларды қолдануды көрсетті және студенттермен кері байланыс жасалды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, WorldSkills-2023 республикалық чемпионатының сарапшы-компатриоты О.С. Корнева «Төменгі сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша өз сабақтарында «Сабақта алтыбұрышты оқыту мен интеллект-карталарды қолдану» тақырыбы бойынша шеберлік өткізді.
Семинарға қатысушылар қатары педагогтер өткізген шеберлік сағаттарды тікелей трансляциялау арқылы артты. Әдістемелік орталық өткізетін іс-шаралардың сапасын арттыру тәсілдерінің бірі кері байланыс сауалнамаларын пайдалану болып табылады. Семинарға қатысушылар өз сауалнамаларында оның өзектілігі мен практикалық бағытын атап өтті. Семинарға қатысушылар «Мейірімділік пен батылдық» мұражайымен танысты. Семинар жұмысына 60 астам педагог қатысты.