«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы педагогтарының «Ұлы ұстаз мұрасы» алтын қоры

04.11.2020

Мұғалім білім беру процесінің басты тұлғасы, баланың тағдыры, елдің болашағы мұғалімге байланысты екенін бәрі біледі. Барлық уақытта мұғалім мамандығы ең қажетті және қадірлі болып саналды. Үлкен адамдар әрдайым балаға «Мұғалім бол!» деп бата берген.

Зәуреш Серікқызы Батыроваға бала кезінен оның анасы «Халыққа білім беру үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» Ибраева Майя Смағұлқызы үлгі болды. Кішкентай Зәуреш анасына жиі: «Мен сен сияқты болғым келеді!» дейтін.

Зәуреш Серікқызы мектепті бітіргеннен кейін С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына музыка факультетіне оқуға түсті. Жоғары оқу орнында оқуын бітіріп, еңбек жолын мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастады, содан кейін балабақшаға музыка жетекшісі болып ауысты. Бүгінгі таңда мұғалімнің балалармен жұмыс істеу бойынша жұмыс өтілі 24 жыл. 2014 жылы № 5 «Алтын бесік» бөбекжай бақшасы ашылған күннен бастап бастап Батырова Зәуреш Серікқызы музыкалық жетекші болып жұмыс істейді.

Балабақшадағы музыкалық жетекші - бұл шығармашылық тұлға, рухани сұлулық пен мейірімділіктің адамы. Сонымен қатар кәсіби мәселелерді шешуді қажет ететін мұғалім. Зәуреш Серікқызының алдында, әрбір заманауи педагогтың алдында мынадай сұрақтар туындайды: «Болашақтың адамын ақпараттандыру ғасырында қалай оқыту керек?», «Балалардың оқуы мен тәрбиесінің сапасын арттыру үшін қандай технологияларды пайдалану керек?». Осы мәселелердің жауабын іздеуде Зәуреш Серікқызы жұмыста әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданады: «схемалар» бойынша жұмыс, коммуникативті ән-ойындар, В. В. Воскобовичтің ойын технологиялары, «Фребельдің сыйы», денсаулық сақтау технологиялары.

Зәуреш Серікқызын заманауи педагог деп толық сеніммен айтуға болады: жұмыста жоғары түпкі нәтижеге бағдарланған жарқын, бірегей, шығармашыл тұлға. Жұмыстың жетістіктері әртүрлі деңгейлерде көрініс табады:

  • Қырғызстандағы «Инновациялық балабақша-2016» мектепке дейінгі ұйымдардың халықаралық слетінде «Біз балалармен тату өмір сүреміз және достасамыз» атты әдістемелік құрал ұсынды»;
  • Алматы қаласында мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы «Ғұмырдария» – «Біз – өмірдің гүліміз» халықаралық байқауында оның тәрбиеленушілері Гран-при иегері атанды;
  • «Қазақстан таланттары», «Жаңа Формат» атты балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының халықаралық көпжанрлы фестиваль-байқауында оның тәрбиеленушілері ІІ орын алды;
  • Облыстық «Үздік педагог -2020» байқауында Гран-При иегері атанды;
  • Республикалық «Үздік педагог -2020» байқауында «Үздік педагог» атағына ие болды.

Зәуреш Серікқызы Батырованы ҚР педагогика ғылымдарының кандидаты Е.А. Дмитриенконың сөзін қайталай отырып, өзі жиі айтатын педагогтарға жатқызуға болады: «Балалар дәрігері балаға қол тигізер алдында қолын жылытуы тиіс, ал мұғалім балаларды үйретуді бастамас бұрын өз жанын жылытуы тиіс».

Зәуреш Серікқызы өзі туралы былай дейді: «Мен бақытты адаммын, өйткені менің әуестігім – балаларды музыка әлемін ерте жастан түсінуге және балалардың жанын осы сұлулықпен толтыруға үйрету. Мен өзім үйренуге, өнерпаз-дарынды балаларды қалыптастыруға және оларды ынталандыруға деген қызығушылығым зор.

  • Слайд4.JPG
  • Батырова З.С.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.11.2020 16:44
Құрылған күні: 04.11.2020 16:44

Текст