«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік ЖИ кейстері» атты сырттай облыстық фестивалі

13.05.2026

Жасанды интеллект білім беру, экономика және цифрлық қоғамды дамытудың ажырамас бөлігіне айналуда. Сондықтан ЖИ тақырыбы қазіргі білім беру жүйесінде ерекше өзекті. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы білім беру үдерісіндегі «Үздік ЖИ кейстері» атты сырттай фестиваль ұйымдастырып, өткізді. Бұл шара педагогтердің цифрлық және кәсіби құзыреттерін дамытуға, ЖИ құралдарын сауатты қолдану мәдениетін қалыптастыруға және білім беру үдерісіне инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Осындай бастамалар педагогтердің заман ағымынан қалмай, жаңа буын білімін қалыптастыруына көмектеседі.

Облыс педагогтері өздерінің авторлық идеялары, жобалары мен тың шешімдерін ұсынып, заманауи ЖИ құралдарының оқытуды мұғалімдер мен оқушылар үшін қызықтырақ, ыңғайлы әрі тиімді етуге қалай көмектесетінін көрсетті.

Фестивальде

- Сабаққа дайындалу және тапсырмаларды тексеруге арналған ЖИ-ассистенттер;

- Оқытуды дараландыруға арналған жобалар;

- Нейрожелілерді қолдану арқылы жүргізілген шығармашылық зерттеулер;

- Мектепке дейінгі білім беруге арналған цифрлық шешімдер;

- Білім беру міндеттеріне арналған тиімді әрі жан-жақты промпттар таныстырылды.

Әрбір кейс — жай ғана жұмыс емес, педагогтерге уақыт үнемдеуге, балаларды шабыттандыруға және оқытуда жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесіп отырған нақты тәжірибе.

Фестиваль қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

І орын – Васильева Юлия Юрьевна, Жақсы ауданы «Қиыма ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Үскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ химия және биология пәні мұғалімі

ІІ орын – Умирзахова Галия Ибрагимовна, Біржан сал ауданы «Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ биология және география пәні мұғалімі

ІІ орын – Нурахметова Галия Пазыловна, Бурабай ауданы «Щучинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі

ІІІ орын – Амирова Алия Каиржановна, Зеренді ауданы «Зеренді ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ІІІ орын – Смагулова Аягөз Амановна, Атбасар ауданы «Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

ІІІ орын – Кажимова Әсемгүл Бағдатовна, Көкшетау қаласындағы техникалық мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі

Жүлдегерлер мен жеңімпаздардың кейстері «Ақмола облысы мектептеріндегі жасанды интеллект» жобасының өңірлік промпт-банкінде жарияланады, сондай-ақ үздік жұмыстар үздік тәжірибелер жинағына енгізіледі.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және жаңа шығармашылық әрі кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

Просмотров: 148


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст