2020 жылғы 30 қыркүйекте Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-мен қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, бейне-сабақтарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, қашықтықтан оқыту процесінде проблемаларды анықтау және оларды шешу, білім беру процесіне қашықтықтан қол жеткізуде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және тарту, қызметтің басым бағыттары мен болашаққа міндеттерді айқындау мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарымен onlain режимінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ –нің директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы, білім бөлімдерінің әдіскерлері, қауымдастық мүшелері, психологтар, логопедтер және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері қатысты.
Эпидемиологиялық жағдайда қашықтықтан оқыту форматында ұсынымдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтау қажет. 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Нұрмағамбетова Гүлназ Заркейқызы сөз сөйледі.
Қашықтықтан оқыту процесінде проблемаларды анықтау және оларды шешу жөнінде өз сөзінде Көкшетау қаласының №20 «ZEREK» балабақшасының тәрбиешісі Мәжитова Гүлбану Мұсаханқызы айтып өтті.
Тәрбиеленушілермен қашықтықтан өзара әрекеттесу жұмысына ата-аналар белсенді қатысады. Дәл осы кезеңде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесі өткір тұр. Білім беру процесіне қашықтықтан қол жеткізуде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және тарту тәжірибесімен Көкшетау қаласы, Ю.Гагарин атындағы №33 балабақша педагог-психологы Завгоруль Галина Валентиновна бөлісті. Сондай-ақ, Көкшетау қаласы, Ю.Гагарин атындағы №33 балабақшасының әдіскері Суворкова Наталья Николаевна қоғамның заманауи сұраныстарына жауап беретін мектепке дейінгі білім беруде оқу процесін ұйымдастыру туралы айтты.
Көкшетау қаласы, №19 «Нұрбала» балабақшасының логопед-мұғалімі, тифлопедагог Бекимова Наргуль Кактаевна қашықтықтан оқыту жағдайында дамуында күрделі ауытқулары бар балаларды қашықтықтан оқыту кезінде логопедтік көмекті ұйымдастыру туралы мәселені қозғады.
Мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет - бейне сабақтарда қолданылатын мультимедиялық мүмкіндіктері бар компьютерлік техникамен қамтамасыз етілетін ойын. Степногорск қаласы, №5 «Еркетай» балабақшасының тәрбиешісі Корчагина Ольга Сергеевна мектеп жасына дейінгі балаларды қашықтықтан оқыту үшін сапалы бейне-сабақ құруды түсіндірді.
Дөңгелек үстел соңында балалармен жұмыс жасауда қолданылатын қашықтықтан оқыту технологиялары, қашықтықтан оқыту кезінде АКТ артықшылықтары, мектепке дейінгі ұйымдар сайттарының жұмысы, қашықтықтан оқыту кезінде балаларды ынталандыру тәсілдері, педагогикалық, ақпараттық технологиялар саласында өз біліктілік деңгейін арттыру туралы мәселелер талқыланды және ұсынымдар берілді.