«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психология апталығын өткізу бойынша ұсыныстар

01.12.2023

/public/files/2023/12/1/011223_174704_psihologiya-aptalyyny-ghospary.docx

1. Психология апталығы білім беру ұйымдарында оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру,  білім алушылардың психологиялық салауаттылығын қалыптастыру және сақтау үшін жағдай жасау мақсатында психологиялық қызмет мамандарымен жүзеге асырылады.

2. Психология апталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы « Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»  № 377 бұйрығына негізделіп өткізіледі.

3. Психология апталығы білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспары негізінде өткізіледі. Психология апталығына психологиялық қызмет мамандары жауапты. Апталықтың тақырыбы, идеясы және ұраны болуы керек.

4. Психология апталығының міндеттері:

- Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының психологиялық білім алуына ықпал ету;

- «Психология» ғылымы, психологиялық білімнің адам өміріндегі рөлі мен орны туралы білімдерін кеңейту;

- Табыс сезімін қалыптастыру;

-Оқушылардың психологиялық білімнің өз өміріндегі және адамдар өміріндегі орны мен рөлі туралы ойларын белсендіру;

- Мектеп оқушыларының бірлік сезімін дамыту.

5. Психология апталығын өткізу формалары:

- Интерактивті тақырыптық көрмелер (QR коды);

- Психология апталығы аясында акциялар мен челлендждер өткізу;

- Психология сабақтары;

- Психологиялық ойындар, команда құру;

- Оқу процесінің барлық қатысушыларымен тренингтер;

- «Ашық микрофон», «Отырайық, сөйлесейік» оқу үдерісіне қатысушыларға арналған кеңестер;

- Ақпараттық-зияткерлік сынып  сағаттар;

- Ата-аналарға арналған семинарлар

6. «Психология апталығын» құру принциптері

- Тұтастық пен толықтық (аптаның басы мен соңы нақты белгіленген);

- Циклдік пен сабақтастық, яғни әрбір күн жоспар бойынша  алдыңғы күннің жалғасы.

- Апталыққа жоспарланған іс-шаралар мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ең көп бөлігін қамтиды;

- Жалпы психологиялық ахуал. Ойындар мен іс-шараларға тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер, ата-аналар, білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері қатыса алады.

 

7. Психология апталығының негізгі бағыттары:

•Тәрбиелік және дамытушылық – толерантты өзара әрекеттестік пен қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

• Әлеуметтік – тәрбиелік – оқу процесінде достық қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу қажеттілігін өзекті ететін бұқаралық тәрбиенің белсенді түрлерін ұсынады.

8. Психология апталығы аясында білім беру ұйымдары деңгейінде жергілікті жерлерде іс-шаралар өткізу ұсынылады.

9. Жалпы апталықты жоспарлау кезінде «Психология апталығын» құру қағидаттарын сақтау қажет (аталмыш ұсыныстардың 6 тармағы):

10. Білім беру ұйымында өткізілетін психология апталығы төменгі негізгі өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

• Барлық іс- шараларды күнделікті байланыстыратын апта туралы жалпы түсінікке ие болу.

• Аптадағы жұмыс формаларының алуан түрлілігі.

• Қатысушылардың барлық санаттарын қамту.

•Оқу процесінің субъектілері үшін өткізілетін іс-шаралардың психологиялық қауіпсіздігі

11. Психология апталығына барлығы қатыса алады: оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер.

12. Психология апталығы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде өткізіледі.

13.Психология апталығын безендіруге ақпараттық-танымдық плакаттар (Психология апталығының жоспары, қабырға газеттері), атақты психологтардың портреттері мен дәйексөздері, баннерлер, фотоаймақ дизайны, «Жас психолог», «Психология және біз» кітаптарының көрмесі, т.б.

14. Психология апталығын өткізу жоспарын (1-қосымша) психологиялық қызмет мамандары жасайды және оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

15. Психология апталығының іс-шаралары барысында фото/бейне түсіру ұйымдастырылады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.12.2023 17:44
Құрылған күні: 01.12.2023 17:47

Текст