1993 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтын үздік дипломымен педагогика және психология мамандығы бойынша аяқтады. Екатерина Владимировна 20 жылдан астам мектеп психологы болып жұмыс істейді. Жоғары біліктілік санаты бар. Көп жылдар бойы Көкшетау қаласындағы біліктілікті арттыру институтының штаттан тыс дәріскері болып қызмет етуде. Боргуль Екатерина Владимировна - жас ерекшелік психологиясы, психокоррекция, психологиялық кеңес беру және психодиагностика саласында теориялық білімді жетік меңгерген маман. Ол өз білімін әр түрлі жас категориялары бар балалармен жұмыста шебер қолданады, қолданыстағы авторлық бағдарламаларды бейімдейді және әзірлейді. Педагог-психолог ретінде оның жоғары кәсіби деңгейі, жауапкершілігі және шығармашылық ойлауы ерекшеленеді. Ол өз жұмысында Щучинск қаласы №1 мектеп-гимназия тәрбиеленушілерінің барлық жас категорияларын қамтиды. Екатерина Владимировна педагог-психологпен кәсіби ынтымақтастықта педагогикалық үдеріске қатысушылардың (оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың) қызығушылығы мен белсенділігін арттыруды өз жұмысының нәтижесі деп санайды. Оның мақалалары конференция нәтижелері бойынша жинақтарда және мерзімді басылымдарда, интернет-ресурстарда басылып шығарылады. Екатерина Владимировна өзінің жұмыс тәжірибесін семинарларда, конференцияларда және әр түрлі деңгейдегі конкурстарда, мектептерден бастап республикаға ұсынады.
Сонымен қатар, Екатерина Владимировна табысты жұмыс істеу үшін үнемі кәсіби өсуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Облыстық деңгейде оның жұмысы Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды:
2018 жылы – Республикалық «Зерде» XII 1 конкурсында 1-7 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізгені үшін ҚР БҒМ және «Дарын» РҒПО Алғыс хаты;
2018 жылы - «XXI ғасырдың қазақстандық ата-аналары: өз балаңызға үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясында шеберлік сағатын өткізгені үшін ҚР БҒМ және Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының сертификаты;
2019 жылы – 8 Республикалық «Зерде» конкурсының қатысушыларымен психологиялық тренингтер өткізгені үшін ҚР БҒМ және «Дарын» РҒПО №003 Алғыс хаты.
Екатерина Владимировна қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруде.