Текст
2020 жылғы 25 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік білім берудің аймақтық тренерлері үшін диалог алаңын өткізді. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы орта білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша ТжКБ педагогтерін оқыту қорытындысын шығарды. 2020 жылғы 10-21 тамыз аралығында орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған қашықтықтан курстар өткізілді. Қазақ және орыс тілдерінде 10 бағыт бойынша 282 педагог оқыды.
Оқыту барысында тыңдаушылар оқу жоспары мен оқу жоспарларының құрылымын құру бойынша біліктіліктерін арттырды. Курс тыңдаушыларына сертификаттар табысталды. Тренерлер облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының атынан алғыс хаттарымен марапатталды.
Тренерлер мен колледж педагогтеріне біліктіліктерін арттыруда шығармашылық жетістіктерді тілейміз!