«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жыл сайынғы ұлттық рейтингі

02.07.2019

Рейтинг (IQAA-Ranking) – тәуелсіз білім сапа агенттігі  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жыл сайынғы Ұлттық рейтингісін бесінші рет жариялады.

Ұлттық рейтингі көп қырлы болып табылады, ол алты индикатор бойынша колледждердің негізгі көрсеткіштерін бағалайды: бұл студенттер арасында өтеді, студенттердің оқу нәтижесі және колледжде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының саны, инженерлік-педагогикалық кадрлардың сапасы, колледж қызметінің сапасы, ұйымдармен ынтымақтастығы және ақпараттық қолдау.

Іріктеу кезінде колледждің оқыту бейінін ескереді, сондықтан колледж  рейтингісі алты бағыт бойынша жүргізіледі: көпбейінді, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, аграрлық-техникалық, педагогикалық және медициналық колледждер. Рейтингте Ақмола облысының техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары қатысты.

Ұлттық рейтинг қорытындылары бойынша:

  • техникалық колледждер – Щучинск қ.Жоғары техникалық

колледжі 6 орында;

  • аграрлық-техникалық колледждер–Қотыркөл а. Ауылшаруашылық колледжі 1 орында, Красный яр а. №3 Агротехникалық колледжі 2 орында;
  • педагогикалық колледждер –Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 1 орында;
  • медициналық колледждер – Көкшетау жоғары медициналық колледжі 3 орында.

Колледж ұжымын жетістіктерімен құттықтап, студенттердің оқуларына сәттілік тілейміз!

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 02.07.2019 17:38
Құрылған күні: 02.07.2019 17:40

Текст