2020-2021 оқу жылының күзгі каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті демалыс кезінде «Отбасымызбен оқимыз» тақырыбына челленджді іске қосты.
Челлендждің мақсаты балаларды рухани және адамгершілік даму мақсатында кітаптар әлеміне тарту, балалар мен ата-аналарды бірлесіп оқуға деген қызығушылықты ояту, отбасын біріктіруге ықпал ету, жас ұрпақты тақылауға және өз пікірін білдіруге үйрету, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жандандыру, үйге өзара түсіністік пен рухани қарым-қатынас жылуын қайтару, көркем әдебиетті оқуды насихаттау болып табылады.
«Біздің отбасылық хоббиіміз» акциясы «Отбасымызбен оқимыз» челленджінде ата-аналар қауымдастығы белсенді қолдады.
Б. Бигожина