2020 жылғы 07 қыркүйек күні «Жол қозғалысы ережелері бойынша «Үздік бейнеролик» облыстық онлайн байқауының қорытындысы өтті.
Байқаудың мақсаты жол қозғалысы ережелерін үйретудің жаңа тәсілдерін жетілдіру болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
- балалар жол қауіпсіздігі бойынша іске асырылатын бағдарламаларды әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік материалдар базасын құру;
- жол қозғалысы саласында қауіпсіз өмір салтын насихаттау бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын жандандыру;
- білім беру ұйымдарында балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету бойынша жұмыстың мазмұнын, технологияларын, нысандары мен әдістерін анықтау;
- жолдарда қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау процесіне электрондық ақпараттық-білім беру ресурстарын енгізу.
Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын - Пищулин К.В., Степногорск қаласының «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК.
II орын - Болатов Д.Е., Степногорск қаласы білім бөлімінің «С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп – лицейі» КММ.
II орын - Мадиярова З.Ш., Степногорск қаласы білім бөлімінің «А. Косарев атындағы №9 орта мектебі» КММ.
III орын - Ерханат Б., Көкшетау қ. «ІТ мектеп – лицейі».
III орын - Жолмағамбетова Ш.М., Есіл ауданының «С.Серіков атындағы ОМ» КММ.
III орын - Левицкая Т.А., Жақсы ауданының «Островский ОМ» КММ.
«Жол қозғалысы ережелері бойынша «Үздік бейнеролик» облыстық онлайн байқауының жүлделі орын иелеріне Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің дипломдары мен алғыс хаттары табыс етіледі.