2021 жылғы 19-21 қаңтар аралығында Қазақстандық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы Ақмола облысының математика пәні мұғалімдерінің арасында сырттай облыстық тегін конкурс өткізді.
Қашықтықтан өткізілген олимпиаданың мақсаты мұғалімдердің зияткерлік жарыстарға қатысуын ынталандыру және шығармашылық әлеуетін ынталандыру, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және қолдау болып табылады.
Конкурсқа Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінен 309-дан астам педагог қатысты. Сертификаттарды 10% - дан жоғары жинаған 192 қатысушы алды. Конкурста жоғары көрсеткіштер көрсеткен қатысушылар республикалық конкурсқа жолдама алады. Мұғалімдерге арналған республикалық математика конкурсында жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындарға ие болады. Наурыз айында нәтижелер белгілі болады.