2023 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша курстарда Ақмола облысы педагогтерінің біліктілігін арттыру жоспары 8587 адамды құрайды: Педагогикалық шеберлік орталығының желісі бойынша – 1119 адам, "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты – 5050 адам, ҚР ОАМ "РҚБОӘО" РМҚК – 158 адам, АжИББДҰҒПО – 28 адам, ҚР ОАМ «ҰҒПДТО» РМКҚ – 746 адам, «АҮДҰИ» КЕАҚ – адам, «Talap» КЕАҚ – 667 адам, ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» – 250 адам.
2023 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың 398 (5 %) педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтті (анықтама: Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында 103 адам, Көкшетау қаласында «АҮДҰИ» КЕАҚ желісі бойынша 17 адам және дене шынықтыру орталығының – 270 педагог, АжИББДҰҒПО – 8 адам) және 543 (6 % (анықтама: Көкшетау қ. Педагогикалық шеберлік орталығында 118 адам, Ақмола облысы бойынша кәсіптік даму институтында 350 адам, ҚР ОАМ "РҚБОӘО" РМҚК – 18 адам, «АҮДҰИ» КЕАҚ желісі бойынша 57 адам) оқытуды жалғастыруда.
Биылғы жылы "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша кәсіптік даму институты филиалымен облыстың аудандары мен қалаларына көшпелі 67 курс (1675 педагог – 433 %) өткізу жоспарлануда.