«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының педагог кадрларының біліктілігін арттыру бойынша ақпарат

05.08.2021

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қашықтықтан оқыту форматында педагогтердің біліктілігін арттыру механизмі мен әдістемелері әзірленді.

Қазақстан Республикасының Білімді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылғы Ақмола облысының 3495 педагог кадрларын оқытуды жоспарланып отыр. Оның ішінде Алматы қаласындағы «Өрлеу» Республикалық біліктілікті арттыру институтында – 133, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы базасында – 1023, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында – 2159,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкепкерлер палатасы бойынша – 120 және «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес АҚ базасында – 60 педагог.

2021 жылғы 1 тамыз күніне 2272 педагог кадрлары түрлі бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтады. 

Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында – 1581педагог төмендегі курстар бойынша оқып шықты:

  • Қосымша бағдарлама бойынша – 372 педагогтерге арналған біліктілкті арттыру курстары өткізілді, оның ішінде «Тәжірибедегі зерртеу» тақырыбы бойынша 60 мектеп тренерлеріне, 79 мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтеріне, 90 мектепалды тобының педагогтеріне (даярлық), 41 кәсіби бағыт жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасарларына, 81 мектеп психологына және 20 мемлекеттік ұйымдары қызметкерлеріне арналған;
  •  Пәндік білімді тереңдетіп оқытуға арналған біліктілікті арттыру курстары бойынша 498 педагог оқып бітірді. Оның ішінде 78 бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті – 40, орыс тілі мен әдебиеті –25, математика – 45, информатика – 45, химия – 45, биология – 45, география – 45, физика – 45 және Қазақстан тарихы – 45 пәндер мүғалімдері;
  • «Бағалау және тапсырмаларды әзірлеу, сараптау» тақырыбы бойынша 416 педагог аяқтап шықты, оның ішінде 185 бастауыш сынып мұғалімдері, география – 15, қазақ тілі мен әдебиеті – 40, орыс тілі мен әдебиеті – 30, ағылшын тілі – 17, информатика – 13, химия – 15, биология – 16, физика – 15, математика – 38, Қазақстан тарихы – 32 педагог;
  • PISA «Математикалық және оқу сауаттылығының дамуы, оқушылардың креативті ойлауы» тақырыбы бойынша – 126 және «Жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығының дамуы, оқушылардың креативті ойлауы» бойынша – 169 педагог оқыды.  

Ақмола облысы бойынша «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы базасында  қысқа мерзімді курстарында (мемлекеттік тапсырыс) 541 педагог оқып шықты және Алматы қаласындағы «Өрлеу» Республикалық біліктілікті арттыру институтында 100 педагог курс аяқтады, оның ішінде менеджмент тақырыбында – 75, инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша 25 педагог оқыды. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» біліктілікті арттыру курстарында 39 педагог өтті (1- лек) және «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес АҚ 11 педагог оқып аяқтады.

Барлық курстар қашықтықтан оқыту форматында өткізілуде.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.08.2021 18:10
Құрылған күні: 05.08.2021 18:12

Текст