«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Перешивкина Наталья Федоровна, Зеренді ауданы әкімдігінің «Викторовка орта мектебі» КММ-нің география және биология пәні мұғалімі

06.05.2020

Мұғалім болу оның міндеті

 

Бар өмірін өзінің сүйікті мамандығына арнап, өз қабілетін жүрекке жақын, қоғамға пайдалы іске пайдалана білгетін адамдар бар. Олардың қатарына Викторовка орта мектебінің география және биология пәні мұғалімі Перешивкина Наталья Федоровна жатады.

Ол көптеген балаларды биологияны, табиғатты сүюге үйретті. Оның байсалдылығы, интеллигенттігі, «ақылды» сабақтары оқушылар мен әріптестер арасында сыйластық пен құрмет сезімін тудырады.

Оған таусылмайтын энергия тән, ол жұмыссыз отыра алмайды. Тамаша педагог, балалар жүрегінің білгірі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, табиғатты сезінуге және сүюге үйретеді. Ол әрдайым биікке ұмтылуда. Оқушылар үшін онымен жұмыс істеген өте қызықты және танымды. Өз қызметі барысында жүздеген оқушыларға мықты, терең білім беру үшін қанша махаббат, күш, мейірімділік, қажырлы еңбек қажет болды. Оның оқушылары ерекше білімділігімен ерекшеленеді, қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Наталья Федоровнаның сабақтары- сабақтың міндеттері мен мәселелерін қалай дұрыс тұжырымдау керек, балалардың ой-пікірлерін дұрыс арнаға бағыттау, сабақты өткізудің инновациялық формаларын қолдану, жаңашыл-мұғалімдердің тәжірибесін қалай дұрыс қолданудың көрнекі үлгісі. Осының барлығына әрдайым іскерлік көңіл-күй, жылдам қарқын, мұғалімнің эмоционалды мінсіз сөзі, дұрыс таңдалған әдістеме, көрнекі құралдарды қолдану және АКТ қолдану ықпал етеді.

Мұғалім өзіне талап қоя біледі, сондықтан үнемі кәсіби, педагогикалық шеберліктің және шығармашылықтың жоғары деңгейін қолдайды. Перешивкина Н. Ф. ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курсынан өтіп, В1, С1 сертификаттарын және ағылшын тілінде «Биология» пәнін оқыту құқығына CLIL сертификатын алды. Осы оқу жылында Наталья Федоровна 9 «Б» сыныбында биология пәнін  ағылшын тілінде оқытады.

Наталья Федоровна біліктілікті арттыру курстарында өзінің кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатады, облыстық, республикалық семинарларға қатысады.

Мұғалімдер күніне орай Наталья Федоровнаға өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жоғары көрсеткіштері үшін 50000 мың теңге сомасына сертификат табыс етілді, сондай-ақ Зеренді ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы Наталья Федоровна «педагог-шебер» біліктілік санатын қорғады.

Наталья Федоровна - үлкен еңбеккер, тәжірибелі жас тәлімгер, әрдайым педагогикалық жаңалықтардан хабардар, әріптестермен өздерінің педагогикалық тәжірибесімен бөліседі.

  • Викторовская СШ Перешивкина-4.jpg
  • Викторовская СШ Перешивкина-7.jpg
  • Викторовская СШ перешивкина-5.jpg
  • Викторовская СШ Перешивкина-6.jpg
  • Викторовская СШ Перешивкина-3.jpg
  • Викторовская СШ Перешивкина-2.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 06.05.2020 18:51
Құрылған күні: 06.05.2020 18:53

Текст