«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қосымша Ақмола облысы мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру, бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпыдан кейінгі білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» облыстық конкурсын өткізу туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

01.04.2019

1. «Үздік педагог-2019» (әрі қарай – Ереже) облыстық конкурсын өткізу туралы Ереже «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ереже меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» (әрі қарай – Конкурс) облыстық конкурсын өткізу тәртібін айқындайды.

3. Конкурстың мақсаты педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарге сыйақы беру болып табылады.

4. Осы Ережелерде төмендегі түсініктер қолданылады:

1) сыйақы – «Үздік педагог» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) жеңімпазы мен жүлдегерлері, білім беру ұйымдарының педагогтеріне қайтарымсыз берілетін ақша;

2) облыстық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын анықтау үшін білім басқармасымен құрылатын комиссия;

3) конкурсқа қатысушы – осы Ережеге сәйкес Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері.

4) конкурс үш деңгейде өтеді: мектепке дейінгі қызметкерлер, жалпы орта, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері педагогтарының арасында өткізіледі. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары бірінші кезеңді өз мекемелерінде өткізеді және жалпы білім беретін мектеп құрамында облыстық конкурсқа қатысады.

5) педагог портфолиосы-педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және даму нәтижесі, педагогтің белгілі бір уақыт аралығында білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;

6) эссе-белгілі бір тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма.

5. Конкурс жеңімпаздарына облыстық бюджеттің есебінен сыйақы тағайындалады. Сыйақы бір ретте жеңімпаздардың ағымдағы есебіне аударылады.

Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері үшін келесідей сыйақы қарастырылды:

- Бас жүлде – 150 000 теңге;

-1-орын – 100 000 теңге;

-2-орын – 75 000 теңге;

- 3-орын – 50 000 теңге.

Жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтарына келесідей сыйақы қарастырылды:

-Бас жүлде – 150 000 теңге;

-1-орын – 100 000 теңге;

-2-орын – 75 000 теңге;

-3-орын – 50 000 теңге.

Техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің педагогтарына келесідей сыйақы қарастырылды:

-Бас жүлде – 150 000 теңге;

-1-орын – 100 000 теңге;

-2-орын – 75 000 теңге;

-3-орын – 50 000 теңге.

6. «Үздік педагог-2019» конкурсын өткізу

- 2019 жылдың сәуір айында – Ақмола облысының ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында ішкі (аудандық /қалалық) кезең;

- 2019 жылғы 13-14 мамыр аралығында –мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру мекемелерінде.

- 2019 жылғы 16-17 мамыр аралығында - «Үздік педагог-2018» конкурсының облыстық кезеңі техникалық және кәсіптік, жалпыдан кейінгі білім беру мекемелерінде;

- 2019 жылғы 21-23 мамыр аралығында – бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында;

 

7. Конкурсқа төмендегі талаптарға сай келетін Ақмола облысының азаматтары қатыса алады:

1) білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын;

2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

8. Конкурсты Комиссия өткізеді, оның төрағасы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы болып табылады.

9. Конкурс қатысушыларын іріктеу осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген критерийлер бойынша өткізіледі.

10. Комиссия білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтардан, әдіскерлерден, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады.

Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұруы тиіс. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

11. Комиссияның дербес құрамы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

12. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім басқармасымен бір ай бұрын Ақмола облысының аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Педагогтың педагогикалық қызметтегі жетістіктері мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:

1) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің жоғары нәтижелілігі (білім мониторингі, оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау және қорытынды аттестаттаудың нәтижелері, ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіштері, білім берудің, бітірушілер емтиханының сапасын тәуелсіз бағалау, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, жобалар конкурстарындағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорт жарыстарындағы жетістіктері туралы ақпарат);

2) педагогтың кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімет, әзірлемелер, жарияланымдар,жарияланған әдістемелік құралдар, қатысушының « Мен -қазіргі заман педагогімін» атты эссесі туралы мәлімет);

3) өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату туралы мәліметтерді қоса отырып, педагогтың педагогикалық қызметін өзіндік талдауы (мастер-класс бойынша әзірлемелер, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, педагогтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйленген сөздер, жарияланған әдістемелік еңбектер, салаларалық, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықтарды дамыту);

4) педагогтың кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың

ата-аналарының, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдар);

5) педагогтың өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытудағы үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жөніндегі жұмыс, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық жұмыстар әзірлемелері).

14. Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы 1 мамырға дейін облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне мынадай құжаттар ұсынылады:

1) сұраныс (1-қосымша);

2) аудандық немесе Көкшетау және Степногорск қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен расталған Конкурстың қатысушысына берілген ұсыным;

3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) педагогтың портфолиосы;

6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдамалық есебі;

7) электрондық тасымалдағыштағы сабақтар (компакт-дискілерде);

8) эссе;

9) карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

15. Конкурстық материалдар қағаз тасығышта көрсетілген тізбектілік бойынша жинақталуы керек. Материалдардың электронды нұсқасы, сондай-ақ бейнематериалдар электронды тасығышта (компакт-дискілерде) ұсынылуы тиіс.

2. Конкурстық материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды

16. аудандық/қалалық білім беру ұйымының конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді қағаз түрінде конкурстық комиссияның төрағасының қолы қойылып, білім беру ұйымының мөрімен куәландырылып жеке беріледі.

17. Құжаттар (білім беру ұйымының конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді) мемлекеттік тілде ұсынылады. Педагогикалық қызметтің материалдары оқу тілінде ұсынылады.

18. Конкурстың бағдарламасы. Конкурс бағдарламасы мыналарды қамтиды:

- «Менің кәсіби ұстанымым» педагогтың өзін-өзі таныстыруы (7 минут).

- шеберлік сабағы (20 минут).

- мұғалімнің шығармашылық зертханасы (конкурсант қызметінің көркем бейнеленуі, авторлық, ғылыми-әдістемелік сабақ әзірлемелері, оқу

бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және т. б. пән бойынша сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыс туралы фото-бейне материалдарды көрсету) (7 минут).

- эссе «Мен заманауи ұстаз».

- порфолио.

19. Комиссияның «Үздік педагог-2019» атағын беру туралы шешімі қатысқан мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

20. Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындылары Ақмола облысының аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

21. Комиссияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

22. Конкурс қорытындысы бойынша шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жеңімпазға білім басқармасы белгілеген нысан бойынша куәлік табыс етіледі.

Бұйрық



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.04.2019 12:50
Құрылған күні: 01.04.2019 12:58

Текст