ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ереже «Zhastar KZ» жобасын іске асыру мақсатында әзірленді және «ҚР колледждерінің 100 студенті» жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асырудың мақсатын, міндеттерін және жүзеге асырылуын анықтайды. Жобаға қатысу Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттері туралы халықты ақпараттандыру құралы болып табылады.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты:. дарынды жастарды қолдау, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білімдері, дағдылары мен таланттарының арқасында табысқа жеткен мен үздік студенттерді және жұмысшы біліктілікті танымал ету.
Міндеттері:
ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ
Жобаның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ болып табылады.
Жобаны іске асыруды Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары, меценаттар, БАҚ ұйымдастырады.
ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
Жобаға Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «жақсы» және «өте жақсы» оқитын студенттер:
ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ
Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады:
ІШКІ КЕЗЕҢ:
Жоба туралы ақпарат күнтізбелік жылдың қаңтарынан бастап ТКБ ұйымдарының ақпараттық стендттерінде, сайттарында, әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда орналастырылады.
Ішкі кезең техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін өткізіледі.
Жобаның ішкі кезеңін өткізу үшін құрамына жастар ұйымдарының, ҮЕҰ өкілдерін, басқа да стейкхолдерлерді енгізе отырып, өңірлік кезеңге кандидаттарды іріктеу жөніндегі Комиссия құрылады.
Барлық студенттердің, колледждердің педагогикалық қызметкерлерінің қатысуымен, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы іріктеу процесін ұйымдастыру құпталады.
Әр ұйымнан жобаның аймақтық кезеңіне үш студенттен артық емес кандидатуралар күнтізбелік жылдың 5 қазанынадейін жіберіледі.
АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢ:
Жоба туралы ақпарат Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармаларының сайттарында, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда күнтізбелік жылдың қаңтар айынан бастап орналастырылады.
Өңірлік кезеңді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары күнтізбелік жылдың 15 қазанына дейін өткізеді.
Жобаның өңірлік кезеңін өткізу үшін құрамына жастар ұйымдарының, ҮЕҰ, басқа да стейкхолдерлердің өкілдерін енгізе отырып, республикалық кезеңге кандидаттарды іріктеу жөніндегі Комиссия құрылады.
Іріктеу процесін аймақ жастарының, педагогикалық қызметкерлердің қатысуымен, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастыру құпталады.
Әр өңірден жобаның республикалық кезеңіне әр өңірден он студенттен артық емес кандидатуралар жіберіледі.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары жобаның барысын кеңінен жария етуді, жобаның өңірлік кезеңінің қатысушылары мен жеңімпаздары туралы ақпаратты, оның ішінде жоба жеңімпаздары туралы фотосуреттер мен ақпаратты қалаларда, аудандарда, колледждерде және т. б. баннерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ:
Республикалық кезең күнтізбелік жылдың 20 қазанынан бастап аяғына дейін жүргізіледі.
Жобаның республикалық кезеңін өткізу үшін «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ базасында орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ, қоғам өкілдері, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары күнтізбелік жылдың 20 қазанынанкешіктірмей «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ға аймақтық кезеңнің жеңімпаздары туралы ақпаратты (жетістіктер туралы ақпарат, фото) жолдайды.
Республикалық кезеңнің міндеті жеңімпаздардың жетістіктерін кеңінен жариялау, оларды одан әрі республикалық деңгейде насихаттау және ілгерілету болып табылады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
- БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жобаға қатысушылар туралы 20-дан астам материал жарияланатын болады;
- үздік студенттердің жетістіктері, жалпы - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі туралы халықты кеңінен ақпараттандыру.
- жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және танымал ету;
- жұмысшы және техникалық мамандықтардың артықшылықтары туралы ақпаратты БАҚ-та орналастыру.