" />
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 30 наурызда Степногорск қаласының педагогтерімен бірлесіп Zoom платформасында «CLIL-оқыту және оқыту практикасы арқылы білім беру процесіне қатысушылардың функционалдық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында ЖМБ пәндерді (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде оқытатын Ақмола облысының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының әдіскер-менторлары мен педагогтеріне арналған онлайн семинар өткізілді.
Семинар аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскер-менторларының біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және коллаборативті ортаны ұйымдастыру арқылы оқытудың CLIL-технологиясын іске асыратын Ақмола облысы мектептерінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен практик-педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
Семинар үш сессиядан тұрды. «Оқытуда CLIL-технологияны қолданудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілері (жұмыс тәжірибесінен)» бірінші сессиясында келесі мәселелер қарастырылды:
Өз баяндамаларында сабақтарында биллингвалды оқулықтар мен ОӘК-нің «Астана кітап» редакциясын және ағылшын тіліндегі «Express Pablishing» редакциясын пайдаланатыны жайлы айтып өтті. Оқулықтар мен ОӘК мазмұнын, сондай-ақ оларды сабақта қолданудың артықшылықтарын ашты. Педагогтер өз сөздерінде бұл құралдар оқушылардың зияткерлік деңгейі мен білім сапасын арттыруға ықпал ететін сыни ойлау және зерттеу дағдыларын дамытады деп атап өтті.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша интерактивті онлайн-тақтаны пайдалана отырып, ұжымдық ретроспективті рефлексия жүргізілді және ЖМБ пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер ұйымдастыратын сабақтан тыс белсенділік түрлерін, құралдардың, әдістер мен тәсілдердің кең арсеналын, сондай-ақ оқытудың нысандары мен нұсқаларын: сыныптық-сабақтық оқыту ретінде ғана емес, сондай-ақ оқушылар үшін сыныптан тыс іс-әрекеттерді (каникулдық пәндік мектептер, сессиялар мен конкурстар) қолдану арқылы кеңейту бойынша ұсынымдар қабылданды.
Сауле АЛИЕВА, әдіскер-ментор
Ақмола облысының білім басқармасының
«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ