2020 жылғы 21 тамыз күнгі отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары,білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің төрағалары,ата-аналар қоғамдастығының өкілдері үшін секциялық жұмыс.
Қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдістемелік қызметіне, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлерге:
1) мұғалімдердің, оқушылардың ата-аналарының сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға күш-жігерін біріктіру;
2) ата-аналарды білім беру үрдісіне ҚР БҒМ мемлекеттік білім беру стандарттарының негізгі ұстанымдары мен ерекшеліктерін енгізу мүмкіндіктері туралы хабардар ету (дәрістер, семинарлар, жеке кеңес берулер, практикумдар));
3) ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне (ата-аналар жиналыстары, бірлескен шығармашылық істер, материалдық-техникалық базаны нығайтуға көмек) тарту үшін жағдай жасау;
4) ата-аналарды мектепті басқаруға тарту (мектеп кеңесі, ата-аналар комитеттері);
5) ата-аналардың мәдени капиталының деңгейін арттыру мақсатында жалпы білім беретін ұйымдардың жанынан психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері және басқа да мамандардың қатысуымен ата-аналарға арналған курстар, он-лайн тренингтер, ата-аналардың он-лайн қоғамдастығын құру ұсынылады;
6) «Мерейлі отбасы» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша табысты отбасылардың тәжірибесін кеңінен насихаттау;
7) Ұлттық Отбасы күнін мерекелеу аясында (Қазақстанда қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі) жалпы білім беру ұйымдарында «Менің отбасым», «Жыл отбасы» конкурстарын, ең табысты ата-аналардың шеберлік сыныптарын (үздік тәжірибесінен), «Әкем, анам және мен – спортшылар отбасы», «Көңілді старттар», «Үлкен жарыстар» (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер командалары) сияқты спорттық іс-шараларды өткізу қажет;
8) Ақмола облысының білім беру ұйымдарында отбасылық клубтарды ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
9) білім беру ұйымдарының ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс - қимылы жөніндегі жұмысты жандандыру, балалардың моральдық және рухани дамуына елеулі көңіл бөлу;
10) ата-аналармен анасы мен қызы, әкесі мен ұлы арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнату, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту бойынша жұмысты күшейту.