Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның әрқайсысы икемділікті, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеді. Кез- келген мамандық - бұл өмір, ғажайып жаңалықтарға, жасампаз еңбектің қуанышына, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктеріне, әрқашан биіктікте болу ниетіне толы.
Нина Анатольевна Сахнова: «Мен-бақытты адаммын!» - деп сеніммен айта алады. Атбасар қаласында мектепті күміс белгімен аяқтап, өзінің еңбек жолын Нина Анатольевна еңбекке баулу мұғалімі болып бастады. Бірақ балаларға деген махаббат оның жүрегінде ерекше орын алып, 2012 жылы «Еркежан» балабақшасы ашылғанда Нина Анатольевна тәрбиеші болып жұмысқа орналасты.
Бүгінгі күні Нина Анатольевнаның педагогикалық еңбек өтілі 18 жыл. Бұл жылдар маман ретінде қалыптасуын, кәсіптің беріктігін тексеру, мамандықты таңдау жылдары болды: он шақты әдістемелер, балаларды тәрбиелеу және оқыту тәсілдері, қарым-қатынас тәсілдері.... Нина Анатольевна бүгінгі күні өзін танымал етіп, оң нәтиже беретін өзінің жұмыс стилін, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырды. Соңғы екі жылда Сахнова Н. А. өзінің тәрбиеленушілерімен тез оқуға үйрету үшін кубиктерді қолдана отырып, Н.Зайцевтің әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Балалардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыра отырып, тәрбиеші дене шынықтыру сабақтарын ойын жаттығуларын пайдаланады. Сахнова Нина Анатольевна туралы бұл жаңа формациядағы мектепке дейінгі тәрбиелеу педагогы екенін толық сеніммен айтуға болады: бастамашыл, шығармашыл, өз жұмысында жоғары нәтижеге ұмтылатын маман, ол түрлі деңгейдегі білім беру алаңдарында өз тәжірибесімен белсенді бөліседі. Оның жетістіктері- мектепке дейінгі білім беруде тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Оның қоржынындағы ең құнды марапаттарының бірі: бейне сабақ сайысының облыстық және республикалық І дәрежелі дипломдары, «Үздік педагог - 2019» облыстық конкурсының гран-при иегері, «Үздік педагог - 2019» республикалық конкурсының жеңімпазы.
Әрине, сүйікті жұмысқа көп уақыт бөледі, сонымен қатар Нина Анатольевна спортпен де айналысады. Педагогикалық әулетті кіші ұлы, Ш. Уәлиханов атындағы университетінің студенті Александр жалғастыруда.
«Менің мамандығым - бұл тек диплом мен еңбек кітапшасында жазу ғана емес. Бұл менің мақсатым, менің өмірлік ұстанымым, тек өз отбасым үшін ғана емес, өз елім үшін де пайдалы болу тәсілі. Бұл үнемі кәсіби және рухани тұрғыдан дамып, өсуге мүмкіндік береді. Және бұл жолда маған әрдайым менің тәрбиеленушілерім, «қарлығаштарым» көмектеседі. Ал мен оларға Қазақстан Республикасының лайықты және табысты азаматы болуға көмектесемін», - деп атап өтті Нина Анатольевна.