" />
Ұстаз – ұлы тұлға. Ал оған жету табандылық пен қайсарлықты, тынбай ізденуді талап етеді. Егер мұғалім алдында отырған әр баланы болашақ тұлға ретінде қабылдап, онымен баласындай санасып, досыңдай сырласса, өзінің пәніне деген сүйіспеншілігін оята алса, білімге, ізденуге құлшынысын, ынтасын арттырса, ол нағыз «педагог» деп есептеледі.
Сөзіміздің жібін тарқата кетейік...
«2020 жылдың үздік педагогы» атағының иегері Сулеймэн Еркегуль мұғалім жолын таңдап, ата-анасының ізімен жүруді таңдады. Оның әкесі Муранбай Сүлеймен мен анасы Хахарман Гулдари де тәрбиешілер болған. Еркегүл жоғары білімін Қарағанды қаласының мемлекеттік университетінде математика және информатика факультетін бітірген.
Содан кейін жолдамамен жұбайы Бекмұратпен бірге Жақсы ауданына жұмысқа келді. Міне, 22 жыл бойы ол Ғ. Әбдірахманов атындағы Қима орта мектебінің оқушыларына білім беруде. Абай ақынның «болмасаң да ұқсап бақ» деген сөзіне дәлелдеме ретінде Еркегүлді шабыттандыратын, сол кісінің салған дара ізімен жүргісі келетін тағы бір ірі тұлға бар. Ол Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы. О.А.Жәутіков – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, – деп оқушыларына да Еркегүл үнемі айтып, математика саласына қызығушылықтарын арттырып отырады.
Еркегүлдің соңғы үш жылдағы кәсіби саладағы жетістіктері, ол өзі туып-өскен Моңғолиядағы Ховд аймағындағы Богда тауы сияқты:
Сүлеймен Еркегүл біздің қоғамымыздың негізін қалыптастырушы жас ұрпақты тәрбиелеп, аудандық, облыстық деңгейдегі әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісіп, өзінің кәсіби дағдыларын тұрақты түрде дамытып келеді.
Педагогпен әзірлеген және енгізген:
Сүлеймен Еркегүл өзінің еңбек жолында жаңаша тынымсыз ізденуге, тек алда болуға және әрбір оқушыны жақсы жағынан ашуға, жоғары мақсаттарға жетуге деген ұмтылысты ұстанады.
Елбасының Жолдауында «Ел болашағы - жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - мұғалімдердің қолында». Біз алға қойған міндеттерді орындауымыз керек, ол үшін тынымсыз еңбектенуіміз керек делінген