«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаздық – ол сенің тағдырың, жол бастаушы жұлдызың»

15.12.2022

Подолько Люция Фитратовна «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп- гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші. Еңбек өтілі 28 жылды құрайды .

Люция Фитратовна 2018 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында гран-при ұтып алды. Ал 2020 жылғы "Үздік педагог–2020" республикалық байқауындағы атаққа ие болған жеңісін ең жоғары жеңісім деп санайды.

         Люция Фитратовна жас педагогтердің тәлімгері және үнемі өз әріптестерімен тәжірибе алмасудан жалықпайды, аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде педагогикалық шеберлікті тарату бойынша көптеген іс-шараларға қатысады. Оның өз жұмысына шын ниетпен берілгендігінің арқасында Макинск қаласының мектеп-гимназиясындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепішілік әдістемелік бірлестігі "Зерде" облыстық және республикалық ғылыми жобалар конкурстарында қатысушылар мен жүлдегерлер саны бойынша ауданда бірінші орынға ие болып келеді.

Люция Фитратовна кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне ие педагог. Ол өзінің бай әдістемелік қоржынындағы түрлі әдістерінің белсенді түрлерін өз сабағында сәтті қолданады. Мәселен, сынақ- сабақтар, саяхат-сабақтар, іскерлік ойындар, білім байқаулары, тестілеу түрлері, жобалық іс-шаралар т.б. Сабақта проблемалық жағдаяттарды құру, олардың шешімін табу –оқушыларды табысты оқуға ынталандыра түседі. Бұл жағдайда білім алушылар зерттеушілер рөлін атқарып, өз бетінше жаңа шешімдер табу арқылы жігерлене түседі.

Әр баланы сезіп, оларды риясыз жақсы көретін, өз ісіне берілген мықты маман. Оның барлық жұмыстары оқушыларды азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеуге, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, коммуникативтік дағдыларды дамытуға оларды оқу процесіне белсенді тартуға бағытталған.

Осы еңбек еткен жылдары мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүрді. Соның арқасында керемет нәтижелерге қол жеткізіп, одан әрі даму үшін өзіне мотивациялық жағдай жасады.

         Люция Фитратовна балалармен жұмыс істей отырып, олардың алғашқы жетістіктерін бақылап, оқушылардың ғылымдарды игеруге деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастырады, өзінің бұл мамандықты жүрегінің қалауымен таңдағанына көзі жетеді.

         Оқушылар үшін де, әріптестері үшін де адамгершілік пен мейірімділіктің символы бола білетін, ең бастысы «Адам» болуға үйрететін «Жол бастаушы жұлдыз» боларлық ұстазды кездестіру – Ұлы бақыт!

  • WhatsApp Image 2022-12-14 at 09.36.19 (3).jpeg
  • WhatsApp Image 2022-12-14 at 09.36.19 (3).jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.12.2022 15:15
Құрылған күні: 15.12.2022 15:38

Текст