«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2018-2019 оқу жылында Ақмола облысының мектептерінде үш тілде оқытуды енгізу

05.04.2019

Орта білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту және ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ ҚР БҒМ бекіткен жоспарға сәйкес үш тілді білім беруді дамыту шеңберінде 2016 жылдан бастап «Физика», «Информатика», «Химия» және «Биология» пәндерінің тілдік курстарында Ақмола облысының 1086 педагогы білім алды. Ағылшын тілін білу деңгейін анықтауда  «Cambridge English Placement Test» (СЕРТ) онлайн тестілеу нәтижесі бойынша облыстың  педагогтары С1 – 363, В2 – 175, В1– 161, А2 – 347, А1 – 40 деңгейін алды.

2018 жылы 387 педагог тілдік курстардан өтті, оның ішінде 309 «Назарбаев Университеті» ДББҰ, 40 – «Новое поколение» ЖШС халықаралық білім беру орталығында (НЗМ желісі бойынша), 38 – «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС.

26.06 – 25.08 аралығында «Білім беру саласындағы заманауи ағылшын тілінде сөйлейтін маман» тақырыбында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарында                        ғылыми – жаратылыстану бағыттағы пәндерді (физика, информатика, химия және биология) ағылшын тілінде оқытуды табысты енгізуді және әдістемелік сүйемелдеу үшін 1 облыстық және 9 аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері ағылшын тілінде оқытылды.

С1, В2, В1 деңгейлері бар 180 педагог (Көкшетау қ. – 118, Степногорск қ. – 36, Бурабай ауданы – 26) «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС-де «Менторлық» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасына» сәйкес демалыс кезеңінде жұмыстан қол үзбей оқиды, аталған педагогтарды «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС менторлары ғылыми – жаратылыстану бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізуді әдістемелік сүйемелдейді.

         2018-2019 оқу жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың 193 мектебі пилоттық режимде ағылшын тілінде «Физика», «Информатика», «Химия» және «Биология» пәндерін оқыта бастады. Ғылыми – жаратылыстану бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде толық оқитын пилоттық мектептердің саны-11, ішінара оқитын - 182 облыс мектебі.

         «Физика», «Информатика», «Химия» және «Биология» пәндерін ағылшын тілінде типтік оқу жоспарларының инвариантты бөлімі (сабақтары) бойынша оқытатын мұғалімдер саны – 197, вариативті бөлімі (факультативтер, үйірмелер) бойынша – 283.

 

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 19 қазан күні Щучинск қаласының № 1 мектеп–гимназиясы базасында «2018-2019 оқу жылына үш тілде оқытуды енгізу бойынша әдістемелік қызметтердің міндеттері. Менторингті үйлестіру» тақырыбы бойынша ғылыми – жаратылыстану бағыттағы пәндерді үш тілде оқытуды енгізуге жетекшілік ететін әдіскер-менторларға, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелеріне жетекшілік ететін әдіскерлерге,  кадр бөлімдерінің қызметкерлеріне облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша әдіскерлердің алдына 2018-2019 оқу жылына міндеттер қойылып, ұсыныстар қабылданды.

«Инновациялық қызмет арқылы білім беру сапасын арттыру» облыстық аймақтық семинар-тренинг өткізу аясында 2018 жылғы 19 қараша 

Т. Шаханова атындағы № 3 орта мектеп базасында «Әдістемелік жұмыс педагогтардың үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны ретінде» атты және 2019 жылғы 18 қаңтарда Атбасар қаласының № 2 орта мектебі базасында «Педагогтардың педагогикалық шеберлігін арттыруды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында  әдістемелік кабинеттері қызметкерлері мен ғылыми – жаратылыстану бағыттағы пәндері педагогтарының арасында дөңгелек үстелдер өткізілді.

Пленарлық бөлімде келесі мәселелер қаралды: «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерді даярлаудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі», «2018-2019 оқу жылында Ақмола облысының мектептерінде үш тілде оқытуды енгізу», «Әдістемелік жұмыс педагогтардың үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны ретінде» (Ерейментау ауданының әдістемелік кабинетінің жұмыс тәжірибесінен), «Үштілділік – заманауи білім беру басымдықтарының бірі»  (Степногорск қаласының әдістемелік кабинетінің жұмыс тәжірибесінен).

         Практикалық бөлімде облыс педагогтары келесі тақырыптар бойынша шеберлік сағаттар өткізіп, тәжірибе алмасты: «Биология және химияны ағылшын тілінде оқыту бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі» (Забиякина Оксана Сергеевна, Ерейментау қ. №2 ОМЛ химия-биология мұғалімі); «Оқытудағы белсенді әдістерді қолдану» (Молхы Акмарал, Еркіншілік ОМ математика мұғалімі); «ЖМБ пәндерді оқыту практикасына ағылшын тілін енгізу элементтері» (Филатова Анастасия Вячеславовна, Степногорск қ. информатика мұғалімі); «Мектептің жоғарғы сатысында биологияны оқыту мен оқуда лингвистикалық компонентті іске асыру» (Щербина Вероника Александровна, Степногорск қаласы білім бөлімінің әдіскері-менторы); «Жаңартылған білім беру мазмұнының контекстінде ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың әдістері мен тәсілдері» (Исаева Светлана Александровна, Целиноград ауданы, Ақмол с. №5 ОМ химия мұғалімі); «Science білім беру саласы практикасына ағылшын тілін енгізудің балама түрлері» коучингі (В. Щербина, Степногорск қаласы білім беру бөлімінің әдіскер-менторы); келесі тақырыптар бойынша шеберлік сағаттар: «Педагогикалық технологиялардың тиімді элементтерін, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудағы тәсілдер мен әдістерді қолдану» (Л. Погорелова, химия мұғалімі, Каменка ОМ, Сандықтау ауданы); «Биология сабақтарында практикалық жұмысты ұйымдастырудың формалары мен әдістері»                       (М. Абылкаримова, биология мұғалімі, № 1 ОМ, Жақсы ауылы); «Үш тілде білім беру арқылы тұлғаны қалыптастыру» понорамалық сабақ                               (Е.Қожабеков, информатика мұғалімі, №1 Балкашин ОМ, Сандықтау ауданы,); microlesson "Заттың агрегаттық күйі" (Е. Бекболат, физика мұғалімі, Беловод ОМ, Жақсы ауданы).

Атбасар ауданының педагогтары «Пәндерді оқытуда ағылшын тілін енгізудің алғашқы қадамдары», «Оқу, жобалау-зерттеу және сабақтан тыс іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін біріктіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» (А. Бекішев, №7 ОМ информатика пәні мұғалімі; Н.Е. Ермошина, Полтавка орта мектебінің физика пәні мұғалімі; М. Рашова, биология пәні мұғалімі және У. Оразбек, информатика пәні мұғалімі, Мариновская ҚОМ).

Барлық сұрақтар бойынша сындарлы диалог және кең пікірталас өтті, егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.  Ұсынылған педагогикалық тәжірибе іс-шараға қатысушылардың жоғары бағасына ие болды. 

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша рефлексия өткізіліп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және оқушыларды оқытуда әртүрлі сандық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша жұмыстарды жетілдіру, Science Club құру және сынып бөлмесінен тыс ұйымдастырылған тілдік белсенділіктің басқа да түрлері арқылы ағылшын тілінде ЖМБ пәндерді оқытатын мұғалімдер ұйымдастыратын оқу белсенділігінен тыс түрлерді кеңейту бойынша («сыныпта оқытудан» –  «өмірде оқытуға дейін») ұсыныстар қабылданды.

Білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, тірек мектептердің сайттарында және Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде ментор-әдіскерлермен ЖМБ  пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу идеясын көпшілікке тарату мақсатында іс-шаралар хроникасы жүргізеді.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.04.2019 18:14
Құрылған күні: 05.04.2019 20:44

Текст