«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыл сайынғы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсының облыстық кезеңінің конкурстық комиссиясының отырысы

20.05.2020

2020 жылғы 19 мамырда білім беру ұйымдары қызметінің іріктеу критерийлері мен нәтижелілік көрсеткіштері бекітілген «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсының облыстық кезеңінің конкурстық комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурсқа қатысушыларды конкурстық комиссия 11 критерий бойынша іріктеді. Конкурстың облыстық кезеңі 2020 жылғы 18-29 мамыр аралығында өтуде. Грант үздік мемлекеттік орта білім беру ұйымы - конкурс жеңімпазына беріледі.

Конкурстың негізгі мақсаты: тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау.

2020 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсының облыстық кезеңіне 17 өтінім түсті (15 аудандық және 2 қалалық білім беру ұйымдарынан).

 

/public/files/2020/5/20/200520_181212_spiski-na-konkurs-luchshaya-organizaciya-rus-kaz.docx

 

  • _MG_0885.JPG
  • _MG_0865.JPG
  • _MG_0893.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.05.2020 18:13
Құрылған күні: 20.05.2020 18:13

Текст