2021 жылғы 11 тамызда педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында «Білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша қосымша білім беру жүйесінің міндеттері: жағдай жасаудан тиімді нәтижеге дейін» тақырыбында қосымша білім беру секциясының отырысы өтті.
Секция жұмысына қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері, білім басқармасының мамандары, облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің және «Ақмола дарыны» орталығының және аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Ақмола облысының қосымша білім беру педагогтары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 93 адам.
Секцияны өткізу барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды: STEAM - оnline платформасы оқытуды қарқындату құралы ретінде; дебаттар, дискуссия және диалог білім беру процесінің заманауи формасы ретінде; қосымша білім беру жүйесіндегі спорттық үйірмелер мен секциялардың рөлі; музыкалық білім берудегі педагогикалық технологиялар оқыту, тәрбиелеу және педагогикалық шеберлік әдістерін жетілдіру құралы ретінде.
Қосымша білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру тәжірибесі, www.playok.com сайтында «Тоғыз құмалақ» зияткерлік ойыны және «Волейбол үйірмесінің тәрбиеленушілерінің жалпы дене шынықтыру дайындығы» шеберлік сағаттары көрсетілді.
Қосымша білім беру педагогтері сессия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар талқыланып, қабылданды, сонымен қатар алдағы оқу жылына басым міндеттер қойылды.
Құрметті әріптестер! Сіздерге жаңа оқу жылында жоғары нәтижелер, мықты денсаулық, амандық және табыс тілейміз!