Ақмола облысы әдістемелік орталығы 17-18 қазан күндері аралығында ұлттық өнерді меңгерген мектеп жасына дейінгі балалар арасында республикалық «Өнеріміз саған-Қазақстан!» облыстық кезеңін өткізді. Фестивальдің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық өнер құралдары арқылы халық шығармашылығының түрлерімен таныстыру. Облыстық фестивальға 32 қатысушылардан өтінім қабылданды. Балалардың шығармашылық жұмыстары қызықты және мазмұнды болды. Фестивальдің қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жүлделі орындар белгіленді:
Би: - «Үздік би композициясы» номинациясы;
1 орын - Көкшетау қаласының «Нұр бала» бөбекжайы– «Керемет» би тобы (5 жастағы балалар). Би «Оюлы текемет» хореограф: Шафигулина Динара Артуровна;
2 орын Астраханка ауылындағы «Алпамыс» балабақшасы «Айгөлек» тобы, «Айгөлек» би тобы (4 жастағы балалар) музыка жетекшісі: Искакова Сауле Рыспаевна, тәрбиеші - Жунусова Гульмира Кожабековна
3 орын - Спасское негізгі орта мектебі жанындағы «Балдырған» шағын орталығы «Гүлдер» би тобы, «Домбыра қасиеті» биі, жетекшісі: Абуева Сарт Ансаровна
Ән айту: - «Үздік орындаушы» номинациясы;
1 орын - Ақкөл қаласы Ақбота бөбекжайының тәрбиеленушісі - Хонай Рахым 5 жаста, педагог: Тлеулина Галия Жамалетдиновна
2 орын - Степногорск қаласы «Арман» № 4 балабақшасы тәрбиеленушісі - Чернуха Юлиана 6 жас педагог: Маркевич Инна Павловна
3 орын - Көкшетау қаласы « Ю.А. Гагарин» атындағы балабақшасының мектепалды даярлық тобы - «Родина моя - Казахстан» әні. Жетекшілері: Мамрина Жанар Ильяшевна - музыка жетекшісі, Шафигулина Динара Артуровна – хореограф.
Мәнерлеп оқу: - «Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы;
1 орын Атбасар қаласы «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасы тәрбиеленушісі - Серікжанқызы Айлин - 4 жас, педагог: Сураухан Маржан
2 орын - Көкшетау қаласы «Сәуле» бөбекжайының тәрбиеленушісі Наурызбай Ерасыл 5 жас, педагог Амрина Сандуғаш Болатовна, методист Кожанова Бибигуль Санаковна
3 орын - Атбасар қаласы «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі - Кайырбаева Алия 5 жас.
Балалар музыка аспаптарында ойнау - «Шебер орындаушы» номинациясы;
1 орын Көкшетау қаласы «Нұр бала» бөбекжайы «Балауса» оркестрі- «Ерке сылқым» күйі (5 жастағы балалар), педагог: Рсаева Аиса Маликовна;
2 орын Атбасар қаласы ТОО «САБА-16» - «Арай» балабақшасы балалар тобы, педагог: Калиева Улболсын
3 орын - Көкшетау қаласы «Еркемай» балабақшасы «Айгөлек» мектепалды тобының қыздары 4-5 жас, педагог: Торебаева Асем Балтабаевна