Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес озық педагогикалық тәжірибені насихаттау арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында 2024 жылғы 31 қазан күні Сандықтау ауданы Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі базасында «Педагогикалық қызметтегі шеберлік пен шығармашылық» озық педагогикалық тәжірибені тарату жөніндегі облыстық әдістемелік семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумге сараптама қорытындысы бойынша оң нәтиже алған және облыстық «озық педагогикалық тәжірибе банкіне» енгізілген жобалардың 46 авторы қатысты. Секциялық жұмыс барысында жоба авторлары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Пленарлық отырыста «Кәсіби-педагогикалық тәжірибе сабақтастығының желілік университеті» жобасын іске асыру арқылы инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату, «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру факторы ретінде педагогикалық қызметті жобалау» мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді. Семинар соңында жұмыс қорытындысы шығарылып, ұсынымдар қабылданды.