«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқулықтардан функционалдық сауаттылыққа тапсырмаларды шешу бойынша каскадты әдіспен семинар-практикумдар апталығы

12.11.2024

2024 жылғы 4-8 қараша аралығында облыстық химия мұғалімдері қауымдастығымен сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру дағдыларын жетілдіру мақсатында 7-11 сыныптарда химия оқулығында функционалдық сауаттылыққа арналған каскадты әдіспен тапсырмаларды шешу семинар-практикум апталығын өткізілді. Семинарға химия пәнінің аудандық қауымдастықтың төрағалары қатысты.

Семинарлардағы жұмыс барысында облыс педагогтері оқулықтардағы функционалдық сауаттылыққа арналған барлық тапсырмаларды орындап шықты. Химиялық, коммуникативті, интеллектуалдық құзыреттіліктерді қалыптастыруға, оқушылар жұмысының әртүрлі формаларын қолдануға мүмкіндік беретін тәжірибеге бағытталған пәнаралық тапсырмалар қарастырылды.

 Апта аяқталғаннан кейін пәндік облыстық қауымдастығының төрағалары өздерінің жергілікті мектептерінің педагогтерімен аталған іс-шара өткізетін болады. Бір апта ішінде облыстың 150 педагогі қатысты.

Просмотров: 576


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст