«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«943-ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

15.11.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасын іске асыруда 2024 жылғы 4-7 қараша күндері нысаналы мектептердің базасында педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек және қолдау көрсету мақсатында «Мектепте оқу процесін тиімді ұйымдастырудың жетекші аспектілері» атты облыстық оқыту семинары өткізілді.

Семинарға Ерейментау ауданының Новомарковка, Торғай, Тайбай, Еркіншілік ауылының және № 1 Ерейментау, №2 Т. Шаханов атындағы қалалық мектептерінің педагогикалық ұжымы, нысаналы мектебінің пәндік бірлестіктерінің басшылары мен мектеп әкімшілігі қатысты.

Орталық әдіскерлері нвсаналы мектептерінің әкімшілігі үшін семинар-практикум өткізіп, келесі өзекті әдістемелік мәселелер қаралды:

  • «Басқару жүйесін ұйымдастыру: жоспарлау, бақылау, іске асыру»;
  • «Мұғалімдердің білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында сабақты талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық»;

Пән мұғалімдері мен әдістемелік бірлестіктердің басшылары үшін:

  • «ҚМЖ әзірлеу алгоритмі: тәсілдер мен әдістер»;
  • «Оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау мақсатында жиынтық бағалау»;
  • «Бөлім бойынша және тоқсанға жиынтық бағалауды жасау технологиясы»

Семинар-практикум соңында рефлексия өткізіліп, педагогтер аудандық деңгейдегі осындай іс-шараларды ұйымдастыру туралы ұсыныспен кері байланыс берді.

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст