"943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту" республикалық жобасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы 2024 жылғы 29-31 қазан аралығында Аршалы және Целиноград аудандарының Нысаналы мектептерінің базасында педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек және қолдау көрсету мақсатында "Мектепте оқу процесін тиімді ұйымдастырудың жетекші аспектілері" тақырыбында семинар - практикумын өткізді. Аталған шарада Целиноград ауданының Опан, Жанажол, Мортық, Тастақ, Төнкеріс, Ы. Алтынсарин, Қаражар, Рақымжан Қошқарбаев ауылының және Аршалы ауданының Ақтасты, Белоярка, Ольгинка, Түрген, Жалтыркөл аулылының, Аршалы кентінің, Бабатай станциясының жалпы , негізгі орта және бастауыш білім беретін Нысаналы мектептерінің директорлары,оқу ісінің меңгерушілері және педагогтері қатысты. Семинар-практикумда Нысаналы мектептер әкімшілігі үшін орталық әдіскерлері өзекті әдістемелік мәселелерді түсіндіріп, талқылады:
- Мектепті дамыту жоспарын әзірлеу;
- Оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын іске асыру жолдары;
- Мектепішілік бақылау жүйесін ұйымдастырудағы тиімді тәсілдер.
Мұғалімдер үшін келесі ұсынымдар берілді:
- Сабақты және қысқа мерзімді жоспарын құру;
- Сабақ барысында формативті бағалауды ұйымдастыру;
- Бөлімге және тоқсанға жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу.