«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«943-ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

15.11.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасын іске асыру мақсатында 2024 жылғы 28 қазанда нысаналы мектептердің базасында педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек және қолдау көрсету бойынша «Мектепте оқу процесін тиімді ұйымдастырудың жетекші аспектілері» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинарға Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектептерінің және Зеренді ауданының Васильковка ауылының негізгі орта мектебінің педагогикалық ұжымы, сонымен қатар, Зеренді ауданының 15 нысаналы мектебінің және Атбасар ауданының 8 нысаналы мектебінің пәндік бірлестіктерінің басшылары мен мектеп әкімшілігі қатысты.  

Орталық әдіскерлері мақсатты мектептерінің әкімшілігі үшін семинар-практикум өткізіп, келесі өзекті әдістемелік мәселелер қаралды:

  • «Басқару жүйесін ұйымдастыру: жоспарлау, бақылау, іске асыру»;
  • «Мұғалімдердің білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында сабақты талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық»;

Пән мұғалімдері мен әдістемелік бірлестіктердің басшылары үшін:

  • «ҚМЖ әзірлеу алгоритмі: тәсілдер мен әдістер»;
  • «Оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау мақсатында жиынтық бағалау»;
  • « Оқу мотивациясын арттыру құралы ретінде интерактивті білім беру платформалары туралы»

Семинар-практикум соңында рефлексия өткізіліп, педагогтер аудандық деңгейдегі осындай іс-шараларды ұйымдастыру туралы ұсыныспен кері байланыс берді.

 

 

Просмотров: 865


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст