«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогикалық қызметтегі шеберлік пен шығармашылық» озық педагогикалық тәжірибені тарату жөніндегі облыстық әдістемелік семинар-практикум

29.11.2024

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес озық педагогикалық тәжірибені насихаттау арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында 2024 жылғы                      29 қараша  күні  Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Үлгі ауылының жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Педагогикалық қызметтегі шеберлік пен шығармашылық» озық педагогикалық тәжірибені тарату жөніндегі облыстық әдістемелік семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумге сараптама қорытындысы бойынша оң нәтиже алған және облыстық «озық педагогикалық тәжірибе банкіне» енгізілген жобалардың 50 авторы  қатысты. Секциялық жұмыс барысында жоба авторлары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Пленарлық отырыста «Кәсіби-педагогикалық тәжірибе сабақтастығының желілік университеті» жобасын іске асыру арқылы инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату, «Біржан сал ауданының білім беру жүйесінде озық педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау»  мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді. Семинар соңында жұмыс қорытындысы  шығарылып,  ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 804


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст