«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы

11.12.2024

Педагогикалық шеберлік конкурстары педагогтің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау мақсатында өткізіледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаз мұғалімдерінің үздік авторлық жобалары ағымдағы жылғы 5-6 желтоқсан аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында өткен конкурстың қорытынды кезеңіне қатысу үшін ұсынылды.

Мәлімделген жұмыстардың тақырыптары оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі аспектілерін қамтыды.

Белсенді әдістемелік қолдаудың және жеңіске деген зор ұмтылыстың арқасында облыстың  мұғалімдері төмендегідей нәтиже көрсетті:

ІII дәрежелі дипломдармен  Синенко Вероника Владимировна, Көкшетау қаласы  № 6 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі; Куракбаева Баян Амановна, Атбасар ауданы  Атбасар қаласы балалар музыка мектебінің қосымша білім беру педагогі марапатталды.

Бексеитова Любовь Ивановна, Зеренді ауданы Павловка ауылы  бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Гарипов Артур Римович, Есіл ауданы Заречный ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі; Әбдірайымова  Айнұр Асхатқызы, Аршалы ауданы  Аршалы  кенті Жұмабек  Тәшенов атындағы  жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары  грамоталармен марапатталды.

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст