24.12.2024
2024 жылғы 17 желтоқсанда «Clover Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырған жыл сайынғы «Қазіргі заманның үздік педагогы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бұл бірегей байқау жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау мен дамытуға бағытталған.
Байқау алғаш рет 2023 жылы Астанада «Clover Foundation» қоғамдық қоры қалалық деңгейде өткізіліп, педагогтар мен сарапшылар арасында кең ауқымды пікірге ие болды. 2024 жылы бастама Ақмола және Қарағанды облыстарын қамти отырып, өңірлік деңгейге көтерілді. Байқау жергілікті әкімдіктер мен білім басқармаларының қолдауымен өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
* білім беру жүйесінде инклюзивті тәжірибелерді насихаттау;
* ЕББҚ бар балаларды оқытудың инновациялық әдістерін енгізетін педагогтарды қолдау.
Байқау нәтижелерінің номинациялары бойынша барлық жүлделі орындар мен марапаттар Ақмола облысының педагогтеріне берілді:
* 1 орын – Федотова Светлана Валерьевна, № 8 жалпы орта білім беретін мектеп, Көкшетау қ.;
* 2 орын – Савич Ксения Валерьевна, № 2 жалпы орта білім беретін мектеп, Щучинск қ.;
* 3 орын – Анастасия Викторовна, № 4 жалпы орта білім беретін мектеп, Көкшетау қ.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
* «Инклюзивті шешімдер шебері» – Мутасова Татьяна Борисовна, № 8 жалпы орта білім беретін мектеп, Көкшетау қ.;
• «Инклюзивті оқытудың инноваторы» – Акулич Наталья Васильевна, № 1 жалпы орта білім беретін мектеп, Красный Яр ауылы;
* «Инклюзивті шығармашылық жолында» – Шайсұлтанова Ғалия Алматқызы, Қосшы қ., № 2 жалпы орта білім беретін мектеп, Целиноград ауданы.
Анықтама үшін:
«Clover Foundation» қоғамдық қоры бес жыл бойы инклюзивті білім беру және ЕББҚ бар балаларды қоғамға кедергісіз ортаға қосуға жағдай жасау үшін белсенді жұмыс істеп келеді. «Қазіргі заманның үздік педагогы» байқауы білім беру үдерісіндегі инклюзивті тәжірибелердің құндылығын тең мүмкіндіктердің негізі ретінде көрсете отырып, осы миссияның маңызды бөлігіне айналды.