«Үздік педагог-ассистент» облыстық конкурстың қорытындысы шығарылды.
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес алғаш рет «Үздік педагог-ассистент» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау дарынды педагог-ассистенттерді анықтау және қолдау, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен үздік жұмыс тәжірибесін тарату үшін ұйымдастырылған.
Конкурсқа қатысу жұмыс тәжірибесінен бейнежазба, портфолио және презентация дайындауды көздеді.
Белсенділікті Көкшетау қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебінің педагог-ассистенттері көрсетті, онда 20-дан астам педагог-ассистенттер жұмыс істейді.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Көкшетау қаласының № 4 ЖОББМ педагог-ассистенті Р. Қайыржанова иеленді. Екінші орынды Көкшетау қаласындағы № 4 ЖОББМ– нің екі қатысушысы-В. Вашкарин мен А. Таханова бөлісті.
Үшінші орын – А. Қасымова, Көкшетау қ. № 4 ЖОББМ, Н. Иванова, Бурабай ауданы Щучинск қ. № 10 мектеп-интернатының педагог-ассистенті.
Қалған қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттар алды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді кәсіби жетістіктерімен құттықтаймыз!
Конкурсқа қатысу ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістерін одан әрі дамыту және жетілдіру үшін ынталандыруы болды