Бүгінгі таңда жеке тұлғаның негізгі функционалдық қасиеттері – бастамашылдық, шығармашылықпен ойлау қабілеті, стандартты емес шешімдерді табуы, өзін-өзі дамытуға және оқуға дайындығы, өзгермелі әлемде табысты өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
Осыған байланысты 2025 жылғы 13-24 қаңтар аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп «Профессор сағаты» жобасы аясында «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі тапсырмалардың ерекшелігін талдау арқылы биология және химия мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» атты оқыту вебинарларының сериясын өткізді.
Іс-шараға университет оқытушылары қатысты:
Вебинарда химия және биология сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға ықпал ететін функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді нысандары, әдістері мен тәсілдері туралы өзекті мәселелер қарастырылып, тәжірибеге бағытталған және цифрлық технологияларды қолдану арқылы жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларды талдау. Ақмола облысының «Биология» және «Химия» пәндері бойынша 460 педагог қамтылды.
Вебинарға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша баяндамашылардың тәжірибесін ескере отырып, болашақта сабақтарда пайдаланады деп үміттенеміз.