«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім мен тәжірибе алмасу алаңы

13.02.2025

Шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды қолдау және мектепті басқару әлеуетін арттыруға бағытталған білім мен тәжірибе алмасу алаңын құру мақсатында 2025 жылғы 12 ақпан күні Көкшетау қаласының М.Габдуллин атындағы № 3 көпсалалы мектеп- гимназия базасында  «Мектепті тиімді басқару: білім беру ұйымының қалыптасуы мен дамуындағы директордың рөлі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді. 

          Іс-шара барысында «Табысты менеджер - 2024» облыстық байқауының жүлдегерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектепті басқарудың түрлі аспектілері мен инновациялық әдістерін талқылады.

        Жас директорлар мектепті тиімді басқару бойынша көптеген құнды идеялар мен ұсыныстар алды және өздерінің сұрақтары мен жағдаяттарын талқылауға салып, ортақ шешімдер қабылдады.

        Шара қорытындысы бойынша қатысушылар қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, мектепті тиімді басқару мүмкіндігін беретін жаңа тәсілдер мен формаларды іздеуді жалғастыру қажеттілігі туралы шешімге келді. Бұл білім беру ұйымын басқаруда жаңа көкжиектер ашуға ықпал ететініне сенімдіміз.

Просмотров: 798


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст