«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ересектергеарналғансабақтар» облыстық семинар–тренингін өткізу туралы ақпарат

03.04.2021

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жұмыс жоспарына сәйкес а.ж.. 31 наурызында облыстық білім беру ұйымдарының ата-аналар қауымы үшін оп-line режимінде «Ересектерге арналған сабақтар» семинар-тренингі өтті. Аталған іс-шараға білім басқармасының қорғаншылық , қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары, аудандық(қалалық) білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Семинар ата-аналарға балалардың стресстік жағдайларын жеңуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Қазіргі жағдайда жасөспірім кезіндегі эмоциялық  интеллект мәселелері, эмоцияларды басқара білу  қабілеті ең өзекті және сұранысқа ие. Эмоциялық  интеллектті зерттеу,балалар ұйымдарында, клубтарда, спорттық және шығармашылық секцияларда баланың жеке басын әлеуметтендіру мәселелері де маңызды болып табылады.

Семинар-тренинг «Эмоциялық интеллект – жасөспірімдер мен ата-аналардың сезім әліппесі»тақырыбында шеберлік-сағатты өткізу арқылы,Көкшетау қ. «Өмір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, психолог, отбасылық тәрбие жөніндегі психолог-кеңесші Ю. И. Сарсекееваның жоғары кәсіби деңгейі мен шеберлігінің арқасында үлкен диалог алаңына айналды.

Іс-шараның қатысушылары егерде бала ертерек  қоғамда әлеуметтену дағдыларын, эмоциялық мәдениетті және өзінің  ақыл-ойын дамытатын болса, ол девиантты мінез-құлыққа шалдықпайды, сондай-ақ болашақта табысты болады деген тұжырымға келді.

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст