Бүгінгі таңда ауыл мектебінің мәселелерін шешу бірінші кезекте тұр. Бұл мәселеге Ақмола облысында үлкен көңіл бөлінуде. 14 ақпан күні Целиноград ауданындағы Қоянды ауылының №2 мектебінде ауыл мектептерінің басшылары, оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, педагогтары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның, “Дарын” республикалық орталығының, халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдерімен және қоғам қайраткерлерімен кездесіп, ауыл мектептерінің өзекті мәселелерін талқылады.
“Ауыл мектебі - ұлт болашағы” форумы ауылдағы мектептерді қолдау және дамыту бойынша үлкен жұмыстың бастауы.
Педагогтар секциялар жұмысында оқыту сапасы, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.
Осылайша, бұл іс-шара педагогтарға ауыл мектебінде жұмыс істеу барысында туындайтын мәселелерді шешуге ақпарат алып, көмек алуға мүмкіндік берді.