2025 жылғы 28 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіруде заманауи тәсілдерді жүзеге асыратын шығармашылық педагогтарды қолдауға және анықтауға бағытталған «Үздік кәсіптік бағдаршы» облыстық сырттай байқауын өткізді.
Аталған іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің кәсіптік бағдар беруші педагогтері, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты, олар өздерінің ұсынған байқау материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлікті, практикалық маңыздылығын, шығармашылық тәсіл мен өз жұмысындағы инновациялық әдістерін көрсетті.
«Үздік кәсіптік бағдар беруші» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды «Қәсіби бағдар беру іс-шарасы жаңа формат» номинациясында:
1 орын - Столзенко Татьяна Юрьевна, Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беруші.
2 орын – Оразалина Зауреш Забихуллиновна, Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
3 орын - Кусаинова Динара Калкешевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының №7 мектеп – лицейінің қәсіби бағдар берушісі.
«Цифлық кеңістіктегі кәсіптік бағдар» номинациясында:
1 орын - Ермошина Наталья Анатольевна, Атбасар ауданы Полтавка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2 орын - Сакенова Аяулым Тилеукабыловна, Қосшы қаласы мектеп – гимназиясының қәсіби бағдар берушісі.
3 орын – Әділбек Шернияз Дарменұлы, Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының қәсіби бағдар берушісі.
«Мансаптық навигатор» номинациясында:
1 орын - Каирова Дина Мыктыбаевна, Жарқайың ауданы Надежда Крупская атындағы жалпы орт білім беретін мектептің қәсіби бағдар берушісі.
2 орын - Басполатова Алма Рахметулловна, Көкшетау қаласы №2 мектеп – лицейінің қәсіби бағдар берушісі.
3 орын - Филиппова Татьяна Леонардовна, Астрахан ауданы Новочеркасское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.