ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша
білім беру ұйымдарында
2025 жылдың 25 ақпанынан 3 наурызына дейін әдістемелік орталықтың инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімі, орталықтың басшысы Л. Құрманғалиеваның модераторлығымен балабақшалар мен мектеп әкімшілігі үшін ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша вебинарлар өткізілді.
ВЕБИНАРЛАРДА ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға байланысты негізгі ұғымдар мен терминология; психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің (ППҚҚ) жұмысында қолданылатын құжаттаманың үлгілері мен нысандары талқыланды.
Сонымен қатар, балабақшаларда және жалпы білім беретін мектептерде, оның ішінде жалпы / арнайы сыныптарда және үйде оқыту ЕББҚ бар балаларға арналған білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылды.
Облыстың 700-ден астам педагогы қатысты, ЕББҚ бар балаларды оқыту бойынша 40-тан астам сұрақ алынды.