«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық сырттай конкурсын өткізу туралы ақпарат

16.04.2021

Қосымша білім беру жүйесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерінің педагогикалық шеберлігін арттыру және ынталандыру, қосымша білім беруді дамытудағы инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында 2021 жылғы 16 сәуірде «Үздік қосымша білім беру педагогы»  облыстық сырттай конкурсы өткізілді.

Конкурсқа Ақмола облысының қосымша білім беру саласының 19 педагогы қатысып, кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық ерекшелігін, жалпы педагогикалық тәжірибені білуін, қосымша білім беру жүйесінде сыныптан тыс жұмыстарды оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін көрсетті.

Конкурсқа қатысушылар кәсіби портфолиосымен толықтырылған «Менің кәсіби ұстанымым» атты өзін-өзі таныстыруды айқын көрсетті, сондай-ақ «Оқушылардың жеке тұлғасын қосымша білім беру құралдарымен дамытуға менің көзқарасым» тақырыбында эссенің әдеби жанрында жоғары шеберлік көрсетті.

Облыстық конкурс жеңімпаздары:

Бас жүлде Бахмат Евгения Андреевна, Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Балалар өнер мектебі»;

I орын – Пищулин Кирилл Владимирович, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының балалар –жасөспірімдер шығармашылық орталығы;

II орын – Макер Тұрысхан, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Научный кентінің балалар- жасөспірімдер шығармашылық  орталығы;

III орын – Коростелева Наталья Николаевна, Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы.

Конкурс қатысушылары мен жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.

Просмотров: 639


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст