«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар қауымы үшін «Балалар мен жасөспірімдерде адамгершіліктің, репродуктивті денсаулықтың берік негіздерін қалыптастыру» облыстық семинарын қашықтықтан өткізу туралы ақпарат

23.04.2021

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2021жылғы 22 сәуірде ата-аналар қауымы үшін «Балалар мен жасөспірімдердің адамгершілік, репродуктивті денсаулығының берік негіздерін қалыптастыру» тақырыбында қашықтық режимде облыстық семинар өткізілді.

Семинар ата-аналар қауымы үшін өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығын сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері, адамгершілік негіздерін қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

2004 жылғы 16 маусымда «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңда кәмелетке толмағандардың құқықтары нақты жазылған. 11-бапқа сәйкес кәмелетке толмағандардың репродуктивті денсаулығын сақтауға құқығы бар. Мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі өскелең ұрпақтың дене, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қорғау болып табылады.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері туралы педагогика және психология магистрі, Нұр-Сұлтан қаласы «Қазақстан әйелдері» ҚБ психологы А. Б. Молдабекова  айтып өтті және жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу бойынша ата-аналар қауымымен семинар-тренинг өткізді.

Облыстық семинарда «Оқушылар мен жасөспірімдердің интернетке тәуелділігімен қалай күресуге болады» атты тағы бір маңызды және өзекті мәселе қаралды.

Интернет оқу, демалу үшін де, сондай-ақ  достарымен қарым-қатынас жасау үшін де тамаша орын бола алады. Бірақ, бүкіл әлем сияқты, желі қауіпті болуы мүмкін, әсіресе ақыл-ойы қалыптаспаған балалар үшін, олар  кейде интернетте орналастырылған ақпаратты шындық ретінде қабылдап қалады.

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологы Н. А. Абибуллаева балалар үшін интернетте жайлылық пен қауіпсіздікті қалай құру және баланың күдікті адамдармен араласуын болдырмау туралы айтып берді.

Семинар диалог түрінде өтті, оның барысында жасөспірімдер мен оқушылардың адамгершілік негіздерін, құндылық бағдарларын қалыптастыру бойынша теориялық мәселелерді талқылауға ата-аналар белсенді қатысты. Іс-шараға қатысушылардың барлығы отбасы өскелең ұрпақтың үйлесімді өмір сүруі үшін сенімді және қауіпсіз болуы керек  деген ортақ пікірге келді. 

Просмотров: 378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст