«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математика бағыттағы (математика, физика, информатика, химия, биология пәндері бойынша) мұғалімдерінің өңірлік форумы туралы АҚПАРАТ

23.04.2021

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жоспарына сәйкес, пәндік-әдістемелік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту контексінде озық, инновациялық тәжірибені жалпылау және тарату үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңын құру мақсатында 2021 жылғы 23 сәуірде Көкшетау қаласында онлайн режимінде «Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» тақырыбында өңірлік форум өтті.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызы Дүйсенова алғысөз сөйледі. Б. Б. Дүйсенова өз сөзінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерінің оқу үдерісін ұйымдастыруда оқытудың сапасын арттыру шарты ретінде тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру мәселелерін қозғады.

Пленарлық отырыс барысында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытудың нәтижелілігін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Әбдікенқызы Жұмағұлова сөз сөйледі.

Қазіргі заманғы педагогті кәсіби қайта даярлау туралы мәселесі туралы «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің әдістемелік кабинетінің басшысы, педагогика ғылымдарының магистрі Набатникова Татьяна Ивановна айтып өтті.

Талқылауға ұсынылған келесі мәселе «Үздік педагог-2018» республикалық конкурсының жеңімпазы, педагог-шебер, «Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс орталығы» КММ физика пәні мұғалімі Назифа Анваровна Закирова білім беру процесінің тиімділігін арттыру жолдарының бірі ретінде қазіргі заманғы мектеп оқулықтарының сапасы болды.

TED форматында Қостанай қаласындағы НЗМ ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының маманы Карбаев Төлеген Жұмабекұлы; Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының «Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі» КММ биология пәні мұғалімі Забиякина Оксана Сергеевна және Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының «Білім – инновация» лицей – интернаты» КММ физика пәні мұғалімі Мадияр Закирович Конкышев сөз сөйледі.

Өңірлік форумға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарынан 400-ден астам педагогтері қатысты.

Өңірлік форумның қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша тиімді білім беру процесін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Просмотров: 628


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст