«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және іске асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің өңірлік форумы шеңберінде математика мұғалімдерінің сессиясын өткізу жөніндегі ақпарат

23.04.2021

2021 жылғы 23 сәуірде «Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және іске асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің өңірлік форумы шеңберінде математика мұғалімдерінің сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұмағұлова Зәуре Әбдікенқызы және Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының білім бөлімдеріңің әдіскерлері және  жалпы білім беру ұйымдарының 80-астам математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Математика мұғалімдері сессиясының негізгі мақсаты математика бойынша мақсатты білім беру процесін қамтамасыз ету үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері жұмыстарының жаңа тиімді нысандарын іздеу, үздік тәжірибелермен алмасу және педагогтердің жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін ақпараттық орта құру болып табылады.

Спикерлердің баяндамалары білім беру саласындағы озық тәжірибелер, әдістер мен инновацияларға арналды. Сессияда 4 спикер сөз сөйледі:

  • «Оқыту сапасын, оқыту мен білім беру практикасының тиімділігін арттыру» – Ризагуль Байғанат, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі,  педагог- шебер;
  • «Математика сабақтарында Stepik платформасын қолдану» – Бектасова Наталья Ақылбекқызы – Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі;
  • «Қашықтықтан оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері» – Калиев Берік Уәлиханұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Батындағы № 3 Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі;
  • «Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыру әдістері мен тәсілдері оқытудың сапасын арттыру құралы ретінде» – Юрко Елена Андреевна - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейі» КММ директорының м.а. «НЗМ» ДББҰ математика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша тренер, педагог-зерттеуші.

Сессия қатысушылары Қазақстанның білім беруді дамытудың басым бағыттары контексінде математика сабақтарында білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады, оқытудың тиімді стратегияларымен, инновациялық білім беру тәжірибелерімен танысты.

Математика пәні мұғалімдерінің өңірлік форумы сессиясының қорытынды бөлімі «еркін микрофон» форматында өтті және әрбір қатысушы өз пікірімен бөлісіп, спикерлерге сұрақтар қойып, іс-шара туралы алған әсерлерімен бөлісті.

Осылайша, рефлексияда респонденттердің 68,1% іс – шараның басты ерекшелігі – тәжірибе алмасу, 59,7% - жаңа білім алу, ал 41,7% - семинардың практикалық бағыттылығы бар деп көрсетті. Семинарда қаралған практикалық дағдылардың өсуін педагогтердің 97,2% атап өтеді. Респонденттердің 98,6% осы форматтағы іс-шараның тиімділігі және өз мектептерінде практикада алған білімдерінің мүмкіндіктері туралы көрсетті.

Сессия модераторы «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі Қарсақова Салимат Серікқызы болды.

Ұсынылған педагогикалық тәжірибе іс-шараға қатысушылардың жоғары бағасына ие болды, барлық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, кең пікірталас өтті.

 

Сауле АЛИЕВА,

Ақмола облысы білім басқармасының

 «Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті»КММ әдіскері

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст