«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындысы

02.04.2025
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылдың 14-16 наурыз күндері Алматы қаласында Шоқан Уалиханов атындағы базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.
Педагогикалық олимпиадаға 163 жас педагог (116 педагог, 20 педагог-психолог, 47 тәлімгер) қатысты. Ақмола облысының атынан облыстық кезеңнің 8 жас педагог жеңімпазы қатысты.
ТЕD форматында ұсынылған Педагогикалық идея барысында мұғалімдер өздерінің негізгі жұмыс жүйесін, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асырды.
Қазылар алқасы ЖОО-ның оқытушылары, мектептің алдыңғы қатарлы басшылары мен практик-педагогтерінен құралды.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. І саты -жас педагог: Мейрам Кәмила Сүйіндікқызы, математика және физика пәні мұғалімі «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
2. ІІ саты - педагог-психолог (логопед-дефектолог): Лина Нұрланқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
3. ІІІ саты – тәлімгер: Курманиязова Салтанат Жандосовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
ІІІ дәрежелі дипломмен тәлімгерлер марапатталды:
4. Паценко Ангелина Сергеевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
5. Алпысова Зере Дархановна, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Үш педагог ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды:
6. Жаргөлбай Риза Еркінқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейі" КММ
7. Караманова Гулнур Максетовна, информатика пәні мұғалімі Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы,Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ;
8. Пермахан Нуртилеу, информатика пәні мұғалімі "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектуров атындағы № 3 Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі" КММ;
Сонымен қатар, әрбір педагогке қатысушы сертификаты берілді.  Педагогикалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар тілейміз!
Просмотров: 552

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст