2023 жылғы 17-19 наурыз аралығында жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды Ақмола облысының білім беру ұйымдарында бекіту мақсатында «Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VIІ республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға еңбек өтілі үш жылдан аспайтын білім беру ұйымдарының 18жас педагогы қатысты.
Байқаудың облыстық кезеңі үш тапсырмадан тұрды:
«Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VІI республикалық байқауының облыстық кезеңінің жүлделі орындары төмендегідей бөлінді:
1 орын – Ешімбай Нұржан Серікұлы, "Көкшетау қаласының № 11 мектеп-гимназиясы» КММ, тарих пәні мұғалімі;
2 орын - Сураганов Мадияр Ермекович, "Зеренді ауданы Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы" КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі;
3 орын - Кульжанова Аяулым Аскаровна, «Атбасар ауданы Ново-Мариновка ауылының негізігі орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Бес педагог ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды:
Облыстық кезең жеңімпаздары (Ешімбай Н.С., Сураганов М. Е., Кульжанова А. А.) Щучинск қаласының «Балдәурен» РМҚК-да өтетін VIІ республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңістер тілейміз!