2021 жылғы 23 сәуірде жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдеріне арналған «Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы»атты өңірлік форум аясында физика пәні мұғалімдерінің сессиясы өтті.
Сессияның мақсаты: білім алушылардың пәнді оқуға деген ынтасын көтеру және білім сапасын арттыруға бағытталған практиканы көрсету.
Сессия жұмысына Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жалпы орта білім беретін мектептерінің 70-тен астам физика мұғалімдері қатысты.
Сессия жұмысы барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, физика сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану, физиканың ағылшын тіліндегі оқу - әдістемелік кешендерін пайдалану, процестерді модельдеу және роботтарды құрастыру мәселелері бойынша жұмыс тәжірибелері ұсынылды:
Сессия соңында қорытынды шығарылып,онлайн режиміндегі сұрақ –жауап арқылы кері байланыс ұйымдастырылды.