«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдерінің «Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» өңірлік форумы аясында информатикапәні мұғалімдерінің сессиясын өткізу бойынша ақпарат

27.04.2021

2021 жылғы 23 сәуірде жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдеріне арналған «Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» атты өңірлік форум аясында информатика пәні мұғалімдерінің сессиясы өтті.

Сессияның мақсаты: информатика пәні мұғалімдерінің заманауи технологиялар мен электрондық оқыту саласындағы құзыреттілігін дамыту, ақпараттық және электрондық ресурстармен жұмыс ерекшеліктерінің мазмұнын ашу, информатика пәні мұғалімдерінің тиімді педагогикалық тәжірибелерін жалпылау және енгізу.

Сессия жұмысына Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жалпы орта білім беретін мектептерінің информатика пәнінің 76 мұғалімі қатысты.

Сессия жұмысы барысында тиімді интерактивті қосымшаларды, онлайн платформаларды, білім беру сайттарын қолдану бойынша жұмыс тәжірибесі, Discord бағдарламасын пайдалану және оның ZOOM бағдарламасынан артықшылықтары, қашықтықтан оқыту кезінде сабақтарда сараланған тәсілді ұйымдастыру, ағылшын тілінде оқыту кезінде пәнді түсінуге қол жеткізуге болатын практикалық жұмыстарды орындау, онлайн режимінде сауалнама жүргізу бойынша келесі мәселелер талқыланды:

  • «Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі білім беру процесі қатысушыларының АКТ құзыреттілігі», «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л. Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәні  мұғалімі Филатова Анастасия Вячеславовна;
  • «Қашықтықтан оқытудың мәселелері мен шешу жолдары», Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәні мұғалімі Белицкая Анна Васильевна;
  • «Үштілділік оқыту бағдарламасын информатика пәнінде табысты оқыту», Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ информатика пәні мұғалімі Оразбек Ұлан Сәлімжанұлы;
  • «Қашықтықтан оқыту аясында информатика пәнін оқыту», Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольское ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі Цимбал Артем Сергеевич;

Сессия қорытындысы бойынша googleform көмегімен рефлексия жүргізіліп,  сұрақтар бойынша диаграмма жасалды.

Педагогтердің 96,4%  форум алдағы жұмыс үшін шығармашылық күш алуға және міндеттерді шешуде практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді деген ойда.

100% өңірлік форумның ерекшелігін қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана отырып, практикалық бағытта болғандығын ерекше атап өтті.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст